Балалардың терезеден құлауы

Қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соғатын негізгі себетерінің бірі –терезеден құлау оқиғалары. Ашық терезе алдындакішкентай балалар осал болады, өйткені оларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады. Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болуы деңгейі куәландырады.
Балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиға ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Қазіргі жаз мезгілі ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіпті екенін ата-аналар ұмытып кетеді. Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздын жанында болғаныңызбен бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар! Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін терезелеріңізге тіреуіш орнатыңыздар! Терезеден құлау жағдайынын балаларды қалай сақтауымыз керек? . Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. Терезеге шықпауы үшін терезе маңында жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар. Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңіздер! Олар құлап баражатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керсінше олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды, алайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді. Мүмкіндік болса терезенің астынғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз. Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз. Егерде сіз балаңызға терезеден бірденелерді көрсеткен болсаңыз-балаңызды қатты ұстап, қимыл қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс өрекеттеріне дайын болыңыз, қолыңыз құрғақ болып, киімінен ұстамауға тырысыңыз. Егерде сіздің дәл казір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұрандаманы бұрауышпен алып тастап жоғары жаққа қойыңыз. Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс. Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген балалар мерт болуда. Ата- аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.
Абай болыңыздар!

Қ. Әшімов, Аудандық ТЖБ инженері