Тұқымды дәрілепегудің маңыздылығы

Дәрілеу – тұқымның тіршілікке икемділігін және өнімділігін, тұқым бетіндегі және ішіндегі инфекциялық ауруларды жояды. Өскіндерді топырақта сақталған инфекциядан және көгеріп кетуден сақтайды. Өнімнің өсуіне дамуына ықпалын тигізеді. Қара күйе, септориоз, гельментоспориоз, сары тат, ақ ұнтақ ауруларының алдын алу үшін тұқымды дәрілеп егудің маңызы зор. Тұқымды дәрілемей егу өнімнің азаюына және өсімдіктердің түрлі ауруға әкеп соғады.
Тұқымды дәрілеу кезінде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн. Тұқымды арнайы орындарда дәрілеу керек, ПС-ларын, дәрілеу техникасын қолданған өте қолайлы.Дәрілеу жұмыс орынын, пестидциттердің қалдықтарын; (ыдыстарымен қаптары) залалсыздандыру қажет екендігін ескертеміз. Көлік құралдарын ,қалған пестидцитерді техникалық және синтетикалық жуғыш құралы арқылы сулы ертінді жасап тазалау керек. Пестидцитермен ластанған жерді әкпен залалсыздандырып және тапырақпен көміп тастайды.

Тұқым тірі организм, сондықтан тіршілік үдірісі үздіксіз жүріп тұрады. Тұқымның пісіп, жетіліп, жиналғанан кейінде үздіксіз тыныс алуы, ылғалдылығымен сақтау кезіндегі құрамында химиялық өзгерістер, қандай тұқымға болса да тән құбылыстар. Пісіп жетілген тұқым өз құрамынан құрғақ алу үшін қоршаған ортаға көмір қышқыл газын, су және жылу бөліп шығарады. Тұқымның тыныс алу қарқыны сақталу жағдайының қолайлығына байланысты болады. Жарақаттанбаған, жақсы сақталған тұқымның тынысалуы бір қалыпты болса, ылғалдылығы (15% жоғары) көтерілген жағдайда тыныс алуы жиіеленеді. Себебі бос судың көбеюі дәндегі биохимиялық үдірісті тездетеді, сондықтан тұқымның 14-16% ылғалдылығын қауіпті ылғалдылыққа жатады. Күзде және көктемде тұқымды себерден бұрын тазалап, фитосанитариялық сараптамадан өткізіп, дәрілеп себудің пайдасы көп екенін ескертеміз. Тұқымды дәрілеуге арналған химиялық препараттарды Қазақстан Республикасында рұхсат етілген тұқым дәрілеуге (протравители) химиялық препараттарды қолдануыңызды сұраймыз.

Ғ.Қ.Керимбаев,
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясының
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы