Ескелді ауданы бойынша дәнді масақты дақылдардың өнімін жинау және қысқа жем-шөп дайындау туралы

Аудан бойынша 32754,2 гектар дәнді масақты дақылдарды себіліп, бүгінгі күнге 11363,2 гектар бидайдың 11000 гектары шабылып 96% орындалды, 16833 гектар арпаның 12900 гектары шабылып 77% орындалды.
Өнім жинау жұмыстары жалғасуда.
2023-2024 жылғы мал қыстау науқанына жоспарланған 108,3 мың тонна шөптің 96,4 мың тоннасы дайындалып 89% орындалды, 12,8 мың тонна пішендеме 12,7 мың тоннасы дайындалып 99% орындалды, 25,5 мың тонна сабанның 14,2 мың тоннасы дайындалып 55% орындалды, 27,3 мың тонна мал азықтығы жемнің 12,3 мың тоннасы дайындалып 45% орындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.