Аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Мерекелік кеште әнұранымыз шырқалып, аудан әкімі Елдос Ахметов жиналған халықты мерейлі мерекемен құттықтап, Конституция қабылдау арқылы мемлекетіміз өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырғанын, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалғанын атап өтті.
Аудан әкімі іс-шара барысында ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан бір топ азаматқа «Ескелді ауданының құрметті азаматы» орденімен марапаттады және ел демографиясына үлес қосқан анамызға “Алтын алқа” табыстады, сондай-ақ әр саланың үздіктерін алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты шара ауданымыздың мәдениет майталмандарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.
30 тамыз Конституция күні мерекесінің құрметіне алғыс хатпен марапатталғандар тізімі:
1.Бегайдаров Алмас Оразбекович — ТОО «KBS GAZ» Директоры
2.Әшімов Қанағат Ахметұлы — Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері


3.Мадыбеков Даурен Нұртасұлы – Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіруші
4.Максутова Гулзада Каримовна-Волонтер
5.Тагирова Эльвира Сериковна-Волонтер
6.Ли Мадина-Волонтер
7.Муратбаева Камила Манатовна-Волонтер
8.Костаева Назым Алимовна –Волонтер
«Ескелді ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталғандар
1.Тулеуов Сатыбалды Демесинович 2002 жылдан бүгінгі күнге дейін Ескелді ауданында аудандық ауыл шаруашылық және мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері кәсіподағының төрағасы қызметін атқарып келеді

  1. Байчапанов Алтай Нургалиевич 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі нұсқаушы болып жұмыс істейді
  2. Тәжікеев Жеңіс Сыдықұлы «Тажикеев Ж.С.» шаруа қожылығын ың басшысы
  3. Есимов Тоқтар Есимұлы