Бүгін «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, аудандық партия филиалы жанынан құрылған жұмыс тобының мүшелері Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына емін- еркін кіріп шығуы үшін пандус жолдарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.Мониторинг барысында барлық нысандар бойынша анықталған кемшіліктерге сәйкес жауапты мамандарға ескертулер берілді. Аталған жұмыстар әрдайым партияның назарында болады.