«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Баяхан Айдың Ықыласұлының демеушілігімен балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар таратты. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп тілегін айтты. Оқушылардың ата –аналары Айдың Ықыласұлына көрсеткен көмегі үшін шекіз алғыс білдіреді.