БАСТЫ НАЗАРДА — БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

«Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін іске асыру және мониторинг бойынша іс-шаралар жоспарымен танысу үшін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Баймырзаев Ескелді ауданына келді.
Алдымен үндеуде көрсетілген бағыттардың Ескелді ауданында іске асырылуымен танысу үшін Алматы облыстық «Nur Otan» партиясының депутаты Қуат Маратұлы бөлім басшылары мен мамандарының есебін тыңдады. Жиын барысында Ескелді ауданының экономика және бюджетті жоспарлау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығының басшылары мен бас мамандары «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың есебін беріп, алда тұрған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Өз кезегінде Қуат Маратұлы сұрақтарын қойып, жас мамандардың ауылға келуі мен аудандағы тұрғын үй мәселесіне баса назар аударды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің өз бизнесін жүргізудегі жұмыстарымен танысуды, келесі келген кезде кәсіпкерлердің шаруашылықтарын аралағысы келетін ниетін білдірді.
Жиыннан соң Қуат Маратұлы Қарабұлақ ауылында күрделі жөндеуден өткен, жақында кілттері табыс етілген 30 пәтерлі тұрғын үйді аралап шықты.
Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.