Сонымен қатар, ағыс арқылы келіп жатқан суды бұру және қауіп-қатерді жою үшін баурайдан түсетін жауын-шашынды Абай және Ешкіөлмес ауылдарының суару каналының арнасына қайта бағыттау жұмыстары жүргізілуде.
Құрбандар мен жарақат алғандар жоқ!
Облыстық ТЖ Департаментінің дағдарыс орталығында психологиялық көмек көрсететін жедел штаб өз жұмысын жүргізуде. Туындаған сауалдарға жауап беретін жедел желі телефоны 8 (7282)-22-02-13 және 22-02-18.
Жедел штабтың шешімі бойынша 7 топ құрылды, олар қазіргі уақытта су басқан аулалар мен үйлерді тексеруді жүзеге асыруда.
Көлбеу ағын тоқтады.
Жұмыс басталғаннан бері 1,5 мың дана қап дайындалды, олар қажетіне қарай қолданылуда.
Қазіргі уақытта мамандар арнайы құрылғылармен 3456 текше метр суды сорды.
Қарабұлақ ауылындағы Шестоков атындағы орта мектеп ғимаратында жергілікті атқарушы органдар эвакуациялау пунктін ұйымдастырды. Оған 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15-і — бала. Қазіргі уақытта эвакуация пунктінде 19 адам қалды, оның ішінде 9 бала, қалғандары туыстарының үйіне түнеуге кетті.
Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет емес.
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың, облыстың ТЖД, Қазселденқорғау күштері мен құралдары, ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің және ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, су деңгейі төмендеді.