Егіндердегі өрттер

Астық алқабы — өрт шығу қауіпі жоғары аумақтың бірі. Дәнді дақылдар, өсімдіктер, шөптер – бәрі де құрғақ ыстықта өрт шығу қауіпін үдетеді. Астық алқабы өртенсе, өрт қысқа уақыт ішінде үлкейіп, жайылып кетеді. Әсіресе желді күні өрт бүкіл астық алқаптарына тез арада таралады. Сондықтан астық алқабын өрттен сақтау үшін төмендегі аталған шараларды қолдану керек:
-астық жинау кезеңi басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет;
-өрт кезінде өрт сөндіру бөлімшелерін шақыру тәртібін белгілеу;
-астық жинау алқабында күні-түні кезекшілік қою;
-масақты егiн пiсер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль жолдарға iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылып және жыртылуы қажет;
-астық алқаптарының алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуі қажет.
Өрт сөндіру шаралары жан-жақты алдын ала дайындалуы тиіс. Өрт кезінде техниканы, малдарды қауіпсіз жерге көшіру қамтамасыз етілуге тиіс. Өрт сөндіруге жауапты адам әкімшіліктерге өрт сөндіру барысы туралы үзбей хабарлама беріп тұруы тиіс.
Дер кезінде істелген шаралар сіздің денсаулығыңыздың, тыныштығыңыздың кепілі бола алады, мемлект және халық мүлкін апаттан қорғап қалады.
Өрт туындағын кезде өрт сөндіру қызметіне «101» үй телефоны немесе ұялы телефонымен қонырау шалыңыз.

Қ. Әшімов
Ескелді ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты