Бруцеллез ауруы қауіпті!

Аудан тұрғындарының басым бөлігі мал өсірумен айналысады. Қазіргі кезде жеке аулаларда және шаруа қожалықтарда мал басы үнемі өсу үстінде, шетелдерден ауыл шаруашылық жануарларын әкелген тұлғаларда бар. Осы орайда мал шаруашылығына орасан зор шығын келтіріп отырған, ауданда жылма-жыл кездесетін жіті және созылмалы түрде өтетін, адам мен жануарға ортақ аурудың бірі – бруцеллез ауруы.
Аурудың клиникалық белгілері — малдардың іш тастауы, ол негізінен жүктіліктің екінші жартысында байқалады, буындардың ісінуі, зәр шығару, жыныс және басқа жүйелерінің бұзылуы. Көптеген жағдайларды ешбір клиникалық белгісіз созылмалы түрде де өтуі мүмкін. Жасырын өту кезеңі бірнеше айға созылумен ерекшеленеді. Қоғамдық қауіптілігіне байланысты бруцеллез қауіпті аурулар қатарына енгізілген. Жабайы және үй жануарларының көптеген түрлері сезімтал.
Аурудың қоздырғышы – бактерия, суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз болып келеді. Сүтте — 35 күн, сиырдың сүтінен жасалған тағамдарда (сары май, құртта, ірімшіктерде) 40-60 күнге дейін, тұздалған етте 1-2 айға, жайылымдылығы ылғал топырықта — 3 ай, көңде — 50 күнге дейін қоздырғышы сақталады.
Ауруды таратушы- ауырған, бруцеллез тасымалдаушы мал боып саналады. Ағзадан қоздырғыштары іш тастау немесе төлдеу кезінде, сонымен қатар түсіктен, зәрімен, нәжісімен шығарылады. Іш тастау жағдайы өте қауіпті өйткені бруцелалар іш тастаудың алдында бірнеше күн кейін 14-60 күн ағзадан шығарылып отырылады.
Бруцеллез ауруының жұғу жолдары:

  • зақымдалған тері арқылы; адамның терісінде болатын жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі;
  • алиментарлық жолмен ет, ет өнімдері, сүт, сүт өнімдері арқылы;
    Аурудың қоздырғышы адам организміне түсетін болса, өте қатерлі себебі адамның ұрпақ әкелмеу мүгедектікке әкеп соғады.
    Аудандағы ветеринариялық қызметтің атқаратын жұмыстары туралы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығына сай, жеке аулалар мен шаруа қожалықтарда, мүйізді ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының — аналық және 1 жасқа толғандары жылына 2 рет (көктемде және күз мезгілдерінде) қан алу арқылы серологиялық әдіспен бруцеллез ауруына тексеріледі. Шошқа мегежіндері бруцеллез ауруына күдіктенуге негіз болған жағдайларда тексеріледі, ал еркектері жылына бір рет, жылқы бруцеллезге (бурсит) күдіктенуге негіз болатын белгілері анықталған кезде, түйе, марал, бұғы, және шаруашалықтың субъектісінің аумағында отар немесе табын маңайында мекендейтін ересек иттерді жылына 1 рет тексеру қарастырылған.
    Тексеру қортындысымен оң немесе күмәнді нәтиже көрсеткен мал бастары оқшауланады. Осы орайда, мал иесіне оң нәтиже көрсеткен малды оқшаулауға және «Б» таңбасын басуға нұсқама беріледі, оны орындау мал иесінің міндеті болып табылады. Мал иесі қанды тексеру қорытындысымен таныстырылады және 15 күнтізбелік күннен кешірмей қайта өңдеу орнына өткізуге тиіс. Егер мал иесі тексеру қорытындысымен келіспеген жағдайда, аудандық ветеринариялық зертханада сақтаулы тұрған қан сарысуын қайталап тексерту жөнінде ҚР АШМ ВБжҚК аудандық аумақтық инспекциясына және жергілікті ветеринар мамандарының шешімі негізінде қайталап тексеріледі, тексеру қортындысы беріледі. Осы тексерудің қортындысымен мал иесіне ауру малды қайта өңдеу орнына өткізу жөнінде нұсқама беріледі және 15 күннен аспайтын уақыт ішінде өткізу тиіс. Ал күмәнді нәтиже көрсеткен жануарлардан қайталап қан сынамасын алғызу жөнінде мал иесіне №1 нұсқама толтырып, округтің ветеринариялық пункт мамандары күнтүзбелік 15-20 күн ішінде қайталап қан сынамасын алады. Осы уақыт аралығында күдікті мал, басқа малдардан оқшауланып жеке ұсталады. Қан сынамасының нәтиже теріс болған жағдайда, оқшауланған малдар қайтадан табынға немесе отарға қосылады, оң немесе күдікті болса қайта өңдеу орнына өткізіледі. Қайта өңдеу орынында сойылған малдардан (титрі жоғары, клиникалық белгілері бар, топтастырылған малдардың ішінен анықталғандардан) ветеринариялық станция мамандары биологиялық материал алып, полимеразды тізбектік реакциясымен табынның (отардың) зақымдалу жағдайын анықтау үшін мемлекеттік облыстық ветеринариялық зертханаға өткізеді.
    Полимеразды тізбектік реакциясының қорытындысымен оң нәтиже алған кезде, аула, шаруа қожалығы аумағы аурудан қолайсыз ошақ деп танылады. Аудандық ветеринариялық станция мамандары мал иелерінің қатысуымен эпизоотиялық талдау жасайды, ошақтың аумағын, ошақтағы ауруға бейім малдардың санын, қора-жайдың, алаңдардың аумағына анықтау жүргізеді. Белгіленген тәртіппен құжаттар топтамасы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторға ұсынылады. Кейіннен шектеу шаралары енгізіліп, тиісті айықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мал иелеріне айықтыру аяқталғанға дейін малдарды шығаруға, бөтен жерден мал кіргізуге, сатуға, союға тыйым салынады оған мал иелері тікелей жауапты болады. Сауықтыруға қойылған мал басы өлген немесе басқадай шығын болған жағдайларда жерегілікті жердегі ветеринария мамандарға хабарлап, анықтау жұмысы жүргізіледі тиісті құжаттар толтырылады. Сауықтыруға қойылған мал бастары жергілікті әкімшілік белгілеп берген жерге бағуға, суғаруға, қора жайдың тазалығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар айықтырумен айналысатын ветеринар мамандарға тұрақты түрде жәрдем көрсетуге міндетті.
    Полимеразды тізбектік реакциясының қорытындысымен теріс нәтиже алған кезде, күнтүзбелік 15-20 күн аралығында қан алынып, 2 рет теріс нәтижеге қол жеткізгенге дейін, қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор берген нұсқама талаптарына міндетті түрде мал тұрған қора -жайға, ашық алаңдарға механикалық тазалық жұмыстарын жүргізіп, мал иесі есебінен дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын атқарады.
    Құрметті аудан тұрғындары!! Адам мен жануарға ортақ бруцеллез ауруымен күрес баршамыздың міндетіміз болып табылады. Қолданыстағы аурумен күрес жөніндегі ереже талаптарын толық орындаған жағдайда, ауру мал санын азайтып, ауданнның эпизоотиялық тұрақтылығын сақтауға мүмкіншілік туады, баршамызға сапалы өнім ұсынылып, мал басының өсуіне қолайлы жағдай қалыптасады. Ендеше баршамыз Ереже талаптарын орындайық.

  • Д.Тынысбаев,
    ҚР АШМ ВБжҚК
    Ескелді аудандық
    аумақтық инспекциясының
    бас маманы