«Асар» оңалту орталығы — еліміздің түкпір-түкпірінен күрделі жарақаттардан кейін сапалы және тез қалпына келу үшін келетін орын. Білікті мамандар мен жоғары стандартты жабдықтар пациенттерге мүмкіндігінше тезірек аяққа тұруға көмектеседі.
Орталық омыртқа жарақаттарынан, инсульттан кейін, грыжа, протрузия және церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға оңалту қызметтерін көрсетуге мамандандырылған.
Орталықтағы емдеу омыртқа мен буындарға жүктемені азайтуға, бұлшықет тепе-теңдігін қалпына келтіруге, тамақтануды жақсартуға, буынның шеміршек тінін күшейту мақсатында арнайы дайындалған 25-тен астам тренажерларда емдік дене шынықтыру арқылы бұлшықеттің біркелкі дамуына бағытталған.
Дәрігердің жолдамасы мен көрсеткіштер болған жағдайда емдеуге жатқызу бюросы арқылы орталықта МӘМС шеңберінде оңалтудан өтуге болады.
Бүгінгі таңда 2000-нан астам адам оңалтудан өтті, оның ішінде 150-ден астам адам аяққа тұрды, 400-ден астам адамның қозғалыс функциялары жақсарды. Қазіргі уақытта 30 науқас емделуде.
Махамбет Серікқалиев «Асар» орталығына еліміздің батыс өңірінен келген. Спорттық жарақаттан кейін оған жұлынның травматикалық ауруы диагнозы қойылды.
«Алғаш рет «Асарға» оңалтуға 2021 жылы келдім. Қазіргі уақытта мен оңалтудың үшінші кезеңінен өтудемін. Орталық мамандары мен қарқынды жаттығулардың арқасында мен қазір денемді тік ұстап, аяққа тұрып, жақсы нәтижелерге қол жеткіп келемін»- дейді ол.
«Науқас біздің орталыққа келгенде аяқтарында қозғалыс жоқтығына шағымданған еді. Ал бүгінгі күні серпінді жаттығулардың арқасында жалпы жағдайдың жақсарғаны байқалады, пациенттің қозғалыс белсенділігі артты, статика мен динамика жақсарды, бел ауруында регрессия бар, жүктемелерге төзімділік, аяқ — қолдардағы күші артты»,-дейді реабилитолог дәрігер Ғалия Шыңғысқызы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы
бойынша филиалы