Тілші жай ғана мамандық емес, асқан жауакершіліктің мамандығы!

21 ғасыр сіздің уақытпа,
Ақпараттар теңесіп тұр жақұтқа.
Жарғақ құлақ жастық тимей жүгірер
Елі үшін сыйламақ та тақұт та.
Аспаныңыз ашық болсын арайлы,
Алтын күнде ақ көңілмен қарайды.
Саулық, бақыт, талап, табыс тілеймін,

Нағыз тілші қаһарманға жарайды. Қаһармандарымыздың жеке төл мерекесі биыл қасиетті Құрбан айтпен тұспа тұс келіп тұр. Шалған құрбандықтарыңыз бен Құрбан айтымыз қабыл болсын! Қаламдары мен ойлары ұшқын тілшілердің мерекелері хайырлы болғай. Тілші жай ғана мамандық емес, асқан жауакершіліктің мамандығы. Кез-келген мамандықты алсақта қыры мен сыры мол. Қиындығы мен шыжығыда бар. Өздеріне тән жауапкершіліктері де жеткілікті. Ал, басын тау мен тасқа, былық пен шылыққа, дау мен думанға, жиырма төртте жеті жұмыс атқаратын тілшілік мамандығы ерекше. Төртінші билік. Қаламдарының қасиеттілігі сонша, кейде содан да таяқтың бір ұшы тиіп, емделіп жататынымызда бар. Сол қаламның, жүйелі ойдың киесі кетпесін. Заманның ағымына қарай тілшіліктің қадірі артып та кеміп те жатыр. Тепе-тең. Оған себеп, газет пен оқулықтардың сұранысының азаюында. Мұны біреуі сапасыз журналистердің көбеюі десе, енді бірі ғаламторды кінәләп жатады. Өмір болған соң екі жақты пікір қалыптасары анық. Сауда орталықтарын алар болсақ, саудам жүрмеді, келісі тағы бір дүкеннің ашылуынан деп жатады. Әйтеуір кінә іздеу. Бұл жақтың дұрыс жағы да бұрыс жағы да бар. Жаныңда әрбір істе қарсыласың болмаса, жұмыс жүрмейді. Болғаны дұрыс. Бүгінгі тілші қауымға қарсылас ғаламтор желісі. Блогерлер тағы бар. Қарапайым халыққа жаңалықтың жаршысы бірден ғаламтор арқылы жетеді. Ал, ғаламтор ұстамайтын жерде ше? Ұялы телефонмен компьютер құрылғыларының тілін білмейтіндерге ше? Жалпақ тілмен айтқанда газет –журнал, оқулықтарды оқу керек. Газет-журналдар – тек жаңалықтар жаршысы емес, бүтін бір елдің айнасы да. Бұл әлемге танымал беделді басылымдарға қатысты әңгіме. Мәселен, Мемлекет басшысы орайы келгенде осындай беделді басылымдарға сұхбат беріп отырады. Сол арқылы біздің елдегі жағдайды, реформаларды әлем жұртшылығы танып біледі. Мұндай басылымдар тұрғанда газет-журналдар ешқашан өзінің қоғамға деген қажеттілігін жоғалтпайды. Цифрлы технологияға бізден ерте қадам басқан Жапония секілді озық елдердің өзінде күн сайын, тіпті аптасына 2-3 рет жарық көретін мерзімді басылымдар бар. Бұл халықтың дәстүрге, мәдениетке беріктігін аңғартса керек. Өйткені, екі жүз жылдан астам тарихы бар газет-журналдар да халықтың бойында өзіндік бір оқу мәдениетін қалыптастырды. Ұрпақ сабақтастығын ойлаған ұлт одан ешқашан тамыр үзіп кетпейтіні анық. Газет-журнал – тарих сындарынан сүрінбей өтіп, біздің заманымызға дейін жеткен адамзаттың ең асыл рухани қазыналарының бірі. Мерзімді басылымдардың пішіні, бояуы, әріптері, суреттері, безендірілуі жылдар бойы жетіліп, қалыптасып, қазіргі біз көріп жүргендей қалыпқа еніп, адам баласы өркениетінің ажырамас бір бөлігіне айналып үлгерді. Осындай орасан зор рухани байлығымыз цифрлы технологияның келуімен бір күнде жоғалып кетеді деу ақылға сыймайды. Әйткенмен, «заманың түлкі болса, тазы боп шал» демекші, бүгінгі интернет мүмкіндігін пайдалану газет-журналдарға артықтық етпейді.
Технологияның жедел дамуы қазір әлемді мидай сапырылыстырып жіберді. Кез келген жерден ақпарат таратып, өзін журналист, блогер, диктор, ең бастысы, қоғамдық тұлға санайтындар өте көп. Мұндай жағдайда бәріне тек уақыт төреші екенін айта аламыз. Адамзат қоғамы ХV ғасырда кітап дәуіріне өтіп еді, араға 500 жыл салып телевидение дәуірі келді. Телевидение
ХХІ ғасыр басында қатты «балалады». 1960 жылдардан қолданысқа ене бастаған компьютерлер, 1990 жылда¬рың соңындағы ұялы телефон, пейджер, қазіргі планшеттер, түрлі гаджеттер «айшылық алыс жерлерді» мейлінше жақындатты. Мұндай прогреске қарапайым адам¬ға «ілеспе» деуге тіпті болмайды. Өзінің қайда жүргенінен хабар беріп, ұйқыдан тұрған, біреумен хабарласқан, мұңдан¬ған, қуанған сәттерінен селфи түсіріп, тіпті көшедегі кез келген оқиғаны телефонына жазып алып ортақ желіге салып жатқан қарапайым адамдар, әрине, өз ақпараттарының шынайылығы мен талаптарға сай екендігіне бас қатырмасы анық. Мұндай тасқындаған ақпарат қазір бізде сенсация қуу, оқиғаның бетін қалқып қана айту, кейіпкер ішіне үңіле алмау, алғашқы әсерді бүкіл қоғамға таңу сияқты жаман үрдістер қалыптас¬тыр¬ды. Ең қызығы, мұндай әдет жаңа қоғам құрып жатқан бізде ғана емес, мемлекеттігіне бірнеше ғасыр болған елдерде де анық көзге ұрып отыр. Демек, адамзаттың озық технологиядан жалы¬ғуы үшін әлі біраз жылдар қажет сияқты. Бірақ алдағы уақытта кез келгеннің ақпарат тарату үрдісі бұдан да тереңдей түсе ме деп қорқамын. Өйткені, технология қарқынды дамуын тоқтатар емес. Кім біледі, болашақта ақпараттың бей¬нен¬ұсқасын көзімізге жазып алып, виртуалды сайттарға дереу салып жіберетін күндер де туар. Мүмкін, журналист деген шартты ұғымға айналар. Мұндай жағ¬дай¬да етек-жеңін тез жиған адам, орта, қоғам ғана шынайы ақпаратты жалған¬нан айыра алмақ. Бірақ қазір Қазақстанда оқырманды өз ыңғайына сүйрейтін ақпарат құралдары тіпті аз, бәрі ауди¬то¬рия¬ның жемтігіне бас қоюға дайын. Сон¬дықтан сұрағыңызға жауап таба ал¬май отырмын. Бәрін уақыт деген әмірші біледі. Журналист көп оқып, көп ізденіп қана қоймай, белгілі бір саладан өз бағытын тауып, содан кәсіпқой ақпарат беруге маманданбаса – дүрмекке ергені ерген…Әртараптандыру тек экономикаға ғана емес, басылымдарға да қажет дүние. Бизнес атаулы цифрлы технологияға көше бастаған дәуірде бәсекелестікке төтеп беру нарықта өзін сақтап қалудың басты қағидасы. Сондықтан мерзімді басылымдар онлайн журналистиканы да қатар дамытқаны абзал. Алып кемеде де бірнеше палуба болады емес пе?! Журналистика туралы сөз қозғала қа묬ғанда бұдан бір ғасыр бұрын айтылған Ахмет Байтұрсыновтың «Газет – халық¬тың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзіне жү¬гіне¬міз. Арада ұзақ уақыт өтсе де бұл сөз¬дің көкей¬кес¬тілігі мәнін жойған жоқ. Алайда, журналистика заман ағымына қарай алға қарыштауда. Оның ағарту¬шы¬лық миссиясы¬ның ескіргенін айтушылар да бар. Елде әлеуметтік-экономикалық салалар жағынан өзгеріс көп. Тұрмыстың түзелуі, өмір сүру деңгейінің жақсаруы реформалардың, бағдарламалардың арқасы. Ал, оларды бұқара халыққа түсіндіретін, насихаттайтын – БАҚ. Соның ішінде газет-журналдар. Ақпараттық сайттар негізінен жұртты елең еткізетін жаңалықтарға бейім келсе, мерзімді басылымдар идеология майданында әлі де сол «ауыр артиллерияның» рөлін атқарады. Халықтың көңіл-күйін аулап отыру үшін БАҚ әрқашан мемлекетке керек. «Əуелі, газет — халықтың көзі, құлағы һəм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды… Екіншіден, газет — жұртқа қызмет ететін нəрсе, олай болатын мəнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады. Үшіншіден, газет — халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетіспекші. Төртіншіден, газет — халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа тырысады». Бұқаралық ақпарат құралдары — халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Ақпарат айдынындағы кез келген басылым қоғам үшін еңбек етуі тиіс. Себебі, журналистика қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғаммен бірге тыныстайды. Әсіресе, газет-журнал өзі өмір сүрген кезеңдегі оқиға, құбылыстарды өз оқырманына нақты, дәйекті жеткізе білуі керек. Өйткені, күні ертең ол мақалада келтірілген дерек – сол кездің тарихы. Тарихын танып, жадына ұстаған әрбір азаматтың болашағы жарқын.


ЖШ АҚПАРАТ