Жетісу облысының Ескелді кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады. 2013 жылдың 8 қазанында әділет органдарында тіркелген. Палатаның басты міндеті — бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.
Қазіргі таңның өзінде Атамекен кәсіпкерлер палатасы көп деген кәсіп орындарына және жаңадан кәсіп ашам деген кісілерге қажетінше барлық жағынан қолдау көрсетіп жатыр. Соның ішінде кәсібін ашқан бырақ дамыту мақсатымен келген Жағалбай Жұмабай «Шипагер және емші « қызыметін атқарады екен. Ескелді аудандық кәсіпкерлік палатасы «Атамекен « сол Шипагерлігін дамыту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша толық ақпарат беріп құжаттарын жинап берді, және ол кісіге 5 млн тг грантты туралы толық айтып бизнес планымен сертификаты қалай оқитыны туралы толық ақпарат берді.
Жағалбай Жұмабай туралы қысқаша мәлімет
-1960 жылы ҚХР Алтай ауданы,Көктөбе ауылында дүниеге келген.
-1984 жылы оқуды бітірген кезде,Қазақ елшілерінің қалай емдейтінін көріп, сол салаға қызығып жүріп, халық емімен айналыса бастаған.
-Қазіргі таңда Жағалбай Жұмабай Ескелді ауданы,Қарабұлақ ауылынды жұмыс жасап жатыр.
Шипагер — қазақ халқының медицинасының әдіс-тәсілдері жинақталған еңбек.
Емші , халық емшісі — өзінің табиғи қабілеті мен тәжірибесіне сүйеніп, әр түрлі ауруларды емдеумен айналысатын адам. Қазақ халқы арасында ерте кезде шипагерлік қызмет атқарған адамдарды Е. деп атады. Бұл жұмысты, әдетте, бақсы, балгер, тәуіптер жүзеге асырды. 15 ғ-да өмір сүріп, “Шипагерлік баян” атты еңбек жазған Өтебойдақ Тілеуқабылұлы: “Емшіні шипагер деп атаған жөн, шипа жазады, қонады, дариды, айықтырады деген сенімділіктен туады. Жазылсын, қонсын, дару болсын деген ақ тілек. Бұл науқас пендеге қуат беру”, — деп, өз тұжырымын ұсынған. Ол сонымен қатар шипагерлікті дарымдылық және болжамшы деп екіге бөліп, оның 24 түрін атайды. Е-лер науқас адамның ауруының себебін анықтау жолын, емдік дәріні, оны қолдану мезгілін, бақылау уақытын жақсы білген; Халық емшілігі.