Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары мен қонақтары !

Барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтпен құттықтаймыз!
Ең жарқын да ізгі сезімдермен астасқан бұл мерейлі мереке қоғамда адамгершілік пен жанашырлықты, мейірім мен татулықты паш етіп, адамдарды бір-біріне жақындата түседі.
Осы күні қиналғанға қол ұшын созып, мұқтаждарға жәрдемдесіп, қайырымдылық жасаудың маңызы зор. Исламның бұл жасампаз құндылығы бүгінгі жаңа кезеңде еліміздегі этносаралық және конфессияаралық сындарлы диалогтарды, халықтың бірлігі мен түсіністігін одан әрі нығайтуда елеулі рөл атқаруда.
Ғасырлар бедерінде берік орныққан дәстүрлі танымдар мен ғибратты ұғымдарымызды ұлықтай отырып, облыс жұртшылығы бұдан былай да қоғамның одан әрі ұйысуына, рухани жаңғыруына, азаматтық белсенділікті арттыруға атсалысады деп сенемін.
Құрбан айт әр шаңырақты жылылық пен мейірімге толтырып, ырыс пен бақ әкелсін.
Баршаңызға денсаулық, бейбіт өмір, құт-береке тілеймін.
Жасаған құлшылықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!