Ата- баба өсиеті«Бұлақ көрсең көзін аш»атты акция

Халқымыз ертеден-ақ жаратушы сыйға берген бұл байлықтармен қарым-қатынас жасай білген. Ауа, су, жер, төрт түлікті сондықтан да аялаған. Осынау табиғат сыйын аялай білгенде ғана армансыз күн кешетінін ұққан. Бұларды кие тұтқан. Ол байлықтарды ысыраптамаған. Керісінше көбейткен. Сол мол байлықтың бірі су еді. Сусыз өмір тұл еді. Су жаңбыр болып жауады. Бұлақ болып ағады. Топырақ оны ішеді. Одан өрген өсімдікті мал жейді. Малды адам жейді. Онсыз өмір тоқтайды. Соны түйген далалықтар жер, су, ауа, өсімдік, малды, жылуды кие тұтты. Көбейтті Жер-Ана бізді бұлағымен емізеді. Сол бұлақтың көзін ашу әр пенденің міндеті. Бұлақ көздерінің жойылып кетпеуін қадағалап, жан-жағын тазарту, ауыл жастарын, қазақтың салт дәстүріне баулу, патриоттық сезімін ояту, Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Р.Бейсенбинова,
Төлеңгіт ауылдық округінің әкімшілігі
және жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы