« Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» облыстық байқауы

2023 жылдың 15 маусымында Жетісу облысынң «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты млекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында облыстық байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты: мемлекеттік тілді дәріптеу, тыңдаушылардың сөйлеу және жазбаша жазу дағдыларын жетілдіру, ел мен жерге деген құрметті артыру.
Байқауға 20-50 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысты. Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және оның аудан, қаладағы филиалдарынан 10 тыңдаушы өзара бақ сынасты. Байқауда ауданымыздың намысын Ескелді аудандық филиалының тыңдаушысы Осипова Надежда Николаевна қорғап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.