Тіл мәртебесі – ел мерейі

Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – халқымыздың баға жетпес байлығы, ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл мұрамыз. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Ана тілін ұлықтап, оның мәртебесін арттырып отырған халықтың егемендігі мәңгі, тұғыры биік болады. Ұлттың ұлт болып қалуы, оның болашағы, мемлекеттің әрі қарай өркендеуі бірінші кезекте оның ана тіліне байланысты. Тіл тағдыры –ел тағдыры. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес, «Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздар жүргізу тілі» деп белгіленген. Қоғамда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өзекті тақырып болғандықтан бұл бағытта кешенді жұмыс атқарылу тиіс.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, білуі тиіс.Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың парызы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тауелсіз елдің жас ұрпағын парасатты,білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекетіміздің атқаратын қызмет өте жоғары. Тіл – ата-бабаларымыздан қалған аманат. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, борышымыз. Ана тілдің тілдер қатарынан жоғалмауы. Оның әрі қарай дамуы, мәртебесінің артуы елдің әр азаматына байланысты. Сондықтан әрбір азамат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, құрметін арттырса, ұлтымыздың болашағы жарқын болары анық.

Гульжазира САДАБАЕВА,
Ескелді аудандық
сотының төрағасы