Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда көптеген елдерде кеңінен белең алып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Ал осы көріністерді туындатқан салалар мемлекеттік үдерістің қарышты дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекет билігінің беделіне де ңұқсан келтіреді. Мемлекет сыбайлас жемқоролықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң әрі табанды түрде күрес жүргізуді басты мақсат етіп отырғаны белгілі.
Мемлекетіміздің басты құндылығы тәуелсіздігіміздің арқасында еліміз қол жеткізген жетістіктерге жемқорлық үлкен қатер төндіретінін, сыбайлас жемқорлық қоғамдық қатынастардың, әлеуметтік салалардың барлығына жағымсыз әсер етіп, қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, жалған бағыт-бағдар қалыптастырыны белгілі. Қазіргі сыбайластық өзінің мүддесі үшін заңды айналып өту жолымен материалдық және заңдық артықшылықтар алу. Ол мемлекеттік ресурстармен әртүрлі құлмыстық құбылыстар өз-өзінен ұласып кете барады.Сыбайлас жемқорлық ұғымымен жалғыз пара алуды ғана баламауға болмайды, өйткені, бұл қылмыстың көп түрінің бірі ғана. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру нәтежесінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес кең ауқымды қамтыған науқанға айналды. Жемқорлықпен ел болып күресіп жатқанымызбен қоғамда әлі де болса, жемқорлықтың орын алуы, еліміздің экономикалық дамуы мен оңын өркендеуіне кері әсерін тигізетіні баршамызға белгілі. Осыған байланысты тек құқық қорғау органдары ғана емес, барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар, бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдауы керек, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.

Ұлан МАМЫТБЕК,
Ескелді аудандық
сотының судьясы