Медиация — бітімгершіліктің бірегей жолы

Сот жүйесінің беделі -судьялардың әділ төрелігімен өлшенеді. Жаңа дәуірмен енгізіліп отырған заманауи цифрлық технологиялар сот жүйесінің атқарып отырған жұмысынан шет қалмауы тиіс. Дау-дамай сотқа дейін немесе сотта оңтайлы жолмен шешімін табуы қажет. Сот төрелігін тек жоғары білікті, мінсіз беделі бар судьялар корпусын қалыптастыру қажет. Қазақ халқы басын дауға қалдырмауға тырысқан. Ал егер қоғамдық қатынастарда белгілі бір даулар туындап жатса, оны ресми соттың алдына бармай-ақ ел ағаларына, қоғамдағы беделді ақсақалдардың алдына барып шешіп алатын болған. Татуласу рәсімдері яғни медиация бұл ата-бабамыздың салтында, дәстүрінде болған институт. Сол себепті бүгінгі таңда дауласушы тараптарды сотқа дейін бітімгершілікке келтіру жолында пәрменді шаралар қабылдану үстінде. Соның бірі «сотқа дейінгі сотта» аясында азаматтарды татуластыру рәсімі болып табылады.
Медиацияның ерекшелігі екі тараптың да тең құқығының сақталуында. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелік медиаторлардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы. Медиаторлардың мақсаты — екі тарап арасындағы белгілі бір даулы мәселені сотқа дейін шешу. Егер дау өте күрделі болса, сотқа дейін оның күрделілігін төмендету. Занның басты мақсаты — екі жақтың құқығын тең сақтап, мүдделерін қорғап алуларына жағдай жасау. Тағы бір мәселе, егер екі тарап медиацияның көмегіне жүгінеміз деп тұрса оған ешқандай орган араласа алмайды. Одан кейінгі тағы бір қағидаты — құпиялығы. Медиация заңына жүгінгенде ол жерде бері құпия күйінде шешіледі. Яғни, медиация заңы арқылы түйінді тарқатамын деушілер үшін бұның оң ықпалы, пайдасы мол. Медиация туралы заң біздің болмысымызға сәйкес азаматтардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше екі жақтың да ақ батасын алатындай дәрежеде жұмыс жасай алады. Медиация рәсімдерінің азаматтар арасында туындаған дауларды шешу барысында өзектілігі мен тиімділігі іс жүзінде толығымен расталды. Бүгінгі күнде көптеген азамат туындаған дау-жанжалдарды медиация тәртібімен реттеп, онын тимділігін көруде.

Ұлан МАМЫТБЕК,
Ескелді аудандық
сотының судьясы