ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Апта басында аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлібаев төрағалығымен және комиссия отырысының құрамымен аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша ведомствоаралық кезекті комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы кешенді жоспарын мемлекеттік органдарымен жүзеге асыру туралы және тонау, ұрлау, және қарақшылық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Н.Сакеев қорытынды есеп берді. Сонымен қатар, тұрғындардың, әсіресе жастардың бос уақыттарында құқыққа қарсы әрекеттеріне жол бермеу, деструктивті діни ағымдарға қызығушылықтың алдын алу бойынша демалыс нысандарын құру жұмыстары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Оразалиновтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамалар төңірегінде сұрақтар қойылып, тиісті тапсырмалар жүктелді.
Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.