Халқымыздың сонау ерте заманнан өнердің алуан түрін қалыптастырып, сол өнерін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап, бүгінге жеткізу, жастардың ойлау қабілетін арттыру басты мақсат деп білген.Тоғызқұмалақ ойыны негізінен екі адамның арасында өтеді.
Ойынды кім бастайтын жеребе тарату арқылы анықтайды.Ойынды бастайтын ойыншыны бастаушы деп, ал қарсыласын қостаушы деп атайды.Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасап отырады. Ойынды бастауыш ойыншы өзінің кез келген отауынан жүре алады. Ол үшін ойыншы жүріс жасайтын отауының ішінде бір құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды қолына алып, келесі оң жағындағы отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта), қолындағы құмалақтар таусылғанша бір-бірден салып щығады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп және сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса онда бұл жүріс табысты болады деген сөз.Ойыншыны сол отаудағы құмалақтардың барлығын өзінің қазандығына салып алады. Тоғызқұмалақ ойыны сабырлыққа, өз-өзіне деген сенімділікке, алға қойған мақсатқа ұмтылуға бейімдейді.
Сырымбет ауылдық кітапханасында мектеп оқушылар арасында тоғыз құмалақ ойынынан жарыс өтті.Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау ,үйрету жұмыстары оқушылардың көңілінен шықты. Жүлделі орын алған жастарды сыйлықтармен марапаттады.
Сырымбет ауылдық кітапханасы