Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыс бойынша филиалының қызметкерлерімен Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі үрдістері туралы, өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген мәселелер туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы жаңалықтар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайлар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
Кездесуге қатысушылар «ақшаны ұстан» қағидаты бойынша міндетті қаржылық тергеп-тексеруді енгізу, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың декларацияларын тәуекелге бағдарланған тиімді тексеруді қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі бастамалар туралы хабардар етілді. Сондай-ақ, Тұжырымдамада адал қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан шығаруға, сол арқылы олардың сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қоғамға зиян келтірмеуге мүмкіндік беретін адалдыққа тексеруді (integrity check) енгізу көзделген.
Сонымен қатар, спикер а.ж. 3 қаңтарында Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың, олардың жұбайларының шығыстары мен кірістерінің сәйкестігіне бақылау енгізіледі. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған түзетулер енгізілді. Енді бұл адамдарды ұйымның тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметтен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды.
М.К.Бекқұлова өз сөзінде әрбір адамды парасаттылық және адалдық қағидаттарын ұстануға және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мен парасаттылық қағидаттарын насихаттау бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.
Кездесу соңында Антикор өкілі негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау болып табылатын Агенттіктің 1424 Колл-орталығы жұмысының басымдығын атап өтті.