Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің, бөлімше қызметкерлері 1-ші маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Барлық бала бақытты!» атты мерекелік іс-шара өткізді, 51 бала қатысты. Іс–шара басында Бөлім басшысының м.а. Ауельбекова Гаухар Рыспекқызы барлық балаларға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі, қуанышты сәттер көп болсын деп жылы лебізін білдірді.
Мерекеге арнап Ержанқызы Нуриланың «Алға», Мұқажанов Қайраттың «Мен сендерді жақсы көремін жақсы адамдар» атты әндерін шырқады. Сонымен қатар «PLOMBIR», «Дарина» аниматорлары шақырылып балаларды қызыққа бөледі. Іс-шара соңында Аудандық мешіт имамы Бақытбек Ертай балаларды мереке күнімен құттықтап тәтті жүгері үлестірді. Бөлімше есебінде тұрған 61 қызмет алушыларға тәттілер салынған сыйлықтар таратылды.
Осындай мерекелік шараның өтуіне қол ұшын созған, демеушілік көрсеткен: «Нұрлы тау», «Адал дүкені», «ИП Жұмағалым», «Православный Церковь», «Шесть соток», «ИП Онжанов», Кафе «Нұр», «Витязь», «СПК Тенлик Агро, Радик» «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «Болашақ», жеке кәсіпкер Агибаев Марлен, жеке кәсіпкер Рысбаев Ануарбек, жеке кәсіпкер Маратұлы Асет, «Планета» киім дүкені «Қаратал» дүкені «Faina» киім магазині, «Люкс», Алдаберген а/о «Қанат» дүкені, Бақтыбай а/о «Фортуна, «Сәлем» дүкені, «Әлем» кеңсе тауарлар, барлық демеушілерімізге жұмыспен қамту бөлімінің және ата-аналардың атынан шексіз алғыс айтамыз!
М. Мырзакулова ,
Бөлімше меңгерушісі
А. Есенаманова ,
Әлеуметтік кеңесші
Әлеуметтік қызметкерлер 2023 жылғы