Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары

Талдықорған қаласында Азаматтық қоғам мен мемлекет диалогын дамытудың негізгі алаңдарының бірі болып табылатын Қазақстанның кезекті ХІ Азаматтық форумы аясында, Жетісу облысының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өңірлік Азаматтық форумы өтті.

Өңірлік форум жұмысына еліміздің барлық 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, республикалық, облыстық ҮЕҰ-дан, саяси партиялардан, діни бірлестіктер мен бизнес өкілдері, әр түрлі деңгейдегі депутаттар, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.