«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіндегі «Ветеринариялық анықтама беру» ауқымды, әрі өзекті бөлігі болып табылады. Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығының 4 тарауында ветеринариялык аныктама беру тәртібі айқын көрсетілген:

1. Ветеринариялық анықтаманы алу үшін жануардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орнын ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы бекітілген қосымша №12-де көрсетілген жазбаша өтініш ұсынады. Ветеринариялық анықтаманы жергілікті ветеринариялық пункт, жануардың ветеринариялық паспорты және жеке нөмірі, ветеринариялық тексеріп қарау нәтижелері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жағдайы, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүйесіндегі жануарлар туралы мәліметтердің негізінде, жануарға және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатка беріледі;

2. Ветеринариялық анықтама тек жұмыс күндері сағат 09:00-18:30 дейін (түскі үзіліс 13:00-14:30) ғана рәсімделеді;

3. Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа, азыққа берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктке дейін, ал жануардан алынған сүтке берілген ветеринариялық анықтама берілген сәтінен бастап бір ай ішінде жарамды;

Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, азықтың шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама алып қойылады.

4. Ет және ет өнімдеріне (қосымша өнімдер) ветеринариялық анықтама ветеринариялық (ветеринариялық-санитариляық) қағидаларына сәйкес бекітілген тәртіппен қойылған ветеринариялық таңба немесе мөртаңба белгісі болған кезде беріледі. Былғары-үлбір шикізатына ветеринариялық анықтама жануардың жеке нөмірі көрсетілген белгі болған жағдайда беріледі.

5. Ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігері  жануардың, жануардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзіндіде бар жануарлар туралы мәліметтер сәйкес келмеуінде, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ жүгіну сәтінде аумақтың эпизоотиялық ахуалының өзгеруі нашарлауы кезінде, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау негізінде заңда көрсетілген қағидаларға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші немесе ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер қол қойылған және мөрмен куәландырылған ветеринариялық анықтаманы беруден уәжді бас тартуға құқығы бар;

6. Ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер жүгіну сәтіндегі аумақтың эпизоотиялық ахуалын ескере отырып қол қойылған және мөрмен куәландырылған азыққа арналған ветеринариялық анықтаманы береді.

7. Ветеринариялық анықтама жануарға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа беріледі және көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні ресімделеді.

8. Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.

Е.Т.ҚИЯЛБЕКОВ,

«Жетісу облысының ветеринария басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Ескелді ауданының  ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорны директоры