Бизнестің құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында мемлекет бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кешенін іске асырды.
Мемлекет Басшысы халыққа жолдауында бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүдделеріне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, Департамент бизнес ортаны жан-жақты қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 16 мамырында Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қаратал ауданына барып, өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.
Аталған іс – шараларға Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.С.Темірәлиев, «Атамекен» ҰКП өкілдері, бизнес-қоғамдастық өкілдері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Отырыс ашық диалог форматында өтті: кәсіпкерлер оларды толғандыратын сұрақтар қойды, қатысушылар тезірек шешуді талап ететін жүйелі мәселелерді талқылады.
Отырыс нәтижелері бойынша айтылған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар әзірленді.
Сондай-ақ, спикер бизнесті қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тарту фактілерінің жолын кесу үшін агенттік бизнес мүдделерін қозғайтын кез келген тергеу әрекеттерін келісуді көздейтін арнайы алгоритм әзірлегенін хабарлады.
Кәсіпкерлерге қатысты негізсіз тінту жүргізуге және басқа да іс жүргізу әрекеттеріне жол бермеу мақсатында қызметкерлердің іс-әрекеттеріне бақылау күшейтілді.
Кездесу соңында Тимур Темірәлиев кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді, сондай-ақ Департамент тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін еске салды.
Антикор Жетісу провел выездную встречу с предпринимателями Каратальского района
Всесторонняя защита прав и интересов бизнеса является одним из приоритетов деятельности Департамента антикоррупционной службы по области Жетісу. За годы Независимости государство реализовало комплекс мер по поддержке бизнеса.
Глава государства в своих посланиях к народу неоднократно отмечал, что незаконное воспрепятствование работе бизнеса должно рассматриваться как преступление, направленное против интересов государства.
В соответствии с поставленными целями и задачами, Департаментом проводится работа направленная на всестороннюю защиту бизнес среды.
16 мая текущего года Антикоррупционной службой по области Жетісу осуществлён выезд в Каратальский район, где на площадке региональной палаты предпринимателей была проведена встреча с представителями бизнес-сообщества.
На данных мероприятиях приняли участие первый заместитель руководителя ДАПК по области Жетісу – Темиралиев Т., представители НПП «Атамекен», представители бизнес-сообществ, руководители правоохранительных и местных исполнительных органов.
Заседание проходило в формате открытого диалога: предприниматели задавали волнующие их вопросы, участники обсуждали системные проблемы, которые требуют скорейшего решения.
По результатам заседания выработаны рекомендации по решению озвученных проблем.
Спикер также проинформировал, что для пресечения фактов неправомерного вовлечения бизнеса в орбиту уголовного преследования, Агентством разработан специальный алгоритм, который предусматривает согласование любых следственных действий, затрагивающих интересы бизнеса.
Ужесточен контроль за действиями сотрудников с целью недопущения необоснованных задержаний, обысков и других процессуальных действий в отношении предпринимателей.
В завершение встречи Тимур Темиралиев отметил, что защита бизнеса является главной задачей и призвал к активному взаимодействию и сотрудничеству.