Білім беру мекемелерінде акша жинау дерегі бойынша қайда хабарласу қажет

Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыру жоспарлануда, сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қауіпі бар.
Соған байланысты, азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғандығы туралы хабарлау маңызды болып табылады.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңының 22 – бабының 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз.
Осыған байланысты, егер Сіз ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы білсеңіз, 1424 Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады, барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы Департамент басшысының жеке парақшасына тікелей хабарласуға болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100089564102463).