Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясында көрсетілгендей сыбайлас жемқорлық — ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер. Сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы.
Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиімді жүзеге асырылуда. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұрақтарына қатысты бұрынғы жылдары өткізген кеңейтілген жиналыс барысында қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапкершілікке тартылу мәселесін ерекше атап өткені баршамызға мәлім.
Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге жасап, небір тегеурінді қарсылықтарға қарамай, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кесел. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі әр түрлі. Оған ең алдымен азаматтардың білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуының әсері де бар. Кей азаматтардың құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне әкеп соқтыруда. Заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Ол үшін ел болып, ат салысып, қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.
Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз қажет.
Қ. Сатанов,
Мәслихат төрағасы