Қазақстан Республикасында суға батқан мүлікті аластау ережелері күшіне енеді.
Ереже ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі №217 бұйрығымен бекітілген.
Қағидалардың мақсаты — суға батқан мүлікті оның меншік иесінің не Қазақстан Республикасы теңіз порттары әкімшілігінің жою тәртібін белгілеу жолымен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Суға батқан мүлікті аластау тәртібі:
— қауіпті айқындауды,
— кеме тіркелген мемлекеттің уәкілетті органын және батып кеткен кеменің меншік иесін хабардар етуді,
— батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді,
— батып кеткен мүлікті жою мерзімін белгілеуді қамтиды.
Батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттамада батып кеткен мүлікті жою тәсілі мен құралдарының сипаттамасы, іс-әрекеттердің реттілігі және оларды жүргізу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қамтылады.