«Сот кабинеті» мүмкіндікті молайтты

Сот кабинеті сервисінің мақсаты — азаматтар мен уәкілетті органдарға сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. іOS мобильдік плотформасындағы «Сот кабинеті» мобиьдік қосымшасы – іOS, Android және Windows Phone мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды. Сонымен қатар, осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген. Ол жерле сот кабинетін пайдалану бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс істеу жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильді қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы және «Пайдалы сілтемелер» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқамасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатусышыларының күнтізбесі және чат сервистері үйлестірілген.

Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режимде алуға; тапсырылған құжаттар сервисі – осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға; сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервисі күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәлеметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» пайдаланушылары «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талабын сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының түпнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады.

Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервесінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөмеріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді. Қазіргі таңда, «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандратқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжатарға қол қою тетігі өзгертілді. Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетеді. Себебі, әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет болатын.

Рустем ИЕМБЕРГЕН,

Ескелді аудандық сотының бас маманы