ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ — БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Ескелді ауданында жастарға қызмет көрсету орталығының мамандары, «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» ЖҚБ, «YERKIN» Өнер Академиясы» көшпелі іс-шаралар өткізуде. Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша көшпелі іс-шараларды ұйымдастырушылар аудандық жұмыспен қамту орталығы мен жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірге ағымдағы жылдың 11 қазан күні «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырды.
Жиын барысында облыстық жастар ресурстық орталығының жастарға әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің маманы Айгерім Серікқызы аудан тұрғындарына және жастарға барлық бағдарламаларды таныстырып, түсіндіріп өтті.
Жұмыс ұсынушы мекемелердің қызметкерлері келген азаматтар мен азаматшаларға барынша көңіл бөліп, жұмысқа қажетті ақыл-кеңестерін айтты. Жалпы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 5 жұмыс берушілерден 56 жұмыс орны ұсынылды. Өз кезегінде жұмыссыз жүрген азаматтар өздерін толғандырып, білгісі келіп жүрген мәселелері бойынша толыққанды әрі нақты мағлұмат ала алды.
Алдабергенов ауылдық округінде орналасқан Көксу ауылшаруашылық колледжінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру жұмыстарын облыстық жастар ресурс-тық орталығының әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Шопатаев жас мамандар мен жастарға барлық мемлекеттік бағдарламалардың маңызы жайлы түсіндіріп, сұрақтарға жауап беріп отырды.
Қарабұлақ ауылдық округінің Шестаков атындағы орта мектебінде Алматы облысында этносаралық келісімді насихаттау, халық арасында ақпараттық компанияны ұйымдастыру мақсатында семинар өтті. «Алматы облысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» ЖҚ-ның Алматы облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Ақболатов сөз сөйледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында «Жас-тар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты тақырыбында кездесу өтті. «Алматы облысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» ЖҚ-ның Алматы облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Ешмұханбетұлы келген жастарға сыбайлас жемқорлық жайлы түсіндіріп, еркін пікір алаңын құрды.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.