ЕСКЕЛДІ БИДІҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

«Палладиум» ЖШС құрылыс компаниясының жетекшілік етуімен Ескелді бидің ескерткіші орнатылған орталық саябаққа тамыз айында ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қыркүйек айының аяғында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Саябақты ағымды жөндеуден өткізу барысында қырлы тастар ауыстырылып, жаңа үлгідегі жарықшамдар орнатылып, орындықтар боялды. Жаңа үлгідегі жарықшамдар саябақтың көркін ашып, кешкі уақытта жастардың бұл жерде жиі жиналуына ықпал етті. Игі бастама сәтті аяқталғанына байланысты ауданның бөлім басшылары мен мамандары Ескелді бабамыздың рухына арнап құран бағыштады.
Алима МҰРАТҚЫЗЫ,
Ескелді ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.