Білім беру ұйымдарында санитариялық тораптардың және санитариялық-аулалық
қондырғылардың (САҚ) тиісті санитариялық жағдайына қойылатын талаптар

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының негізінде білім беру ұйымдарындағы санитариялық тораптарды, яғни ішкі дәретханаларды қалыпты санитариялық-эпидемиологиялық  жағдайда ұстау бойынша  төмендегідей талаптар сақталуы керек: 

1.Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған унитаздар жабық кабиналарда орналастырылады, білім беру объектілерінің мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылады.

2.Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раковиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Яғни, мектептердегі санитариялық тораптары кәріз жүйесіне қосылған болуы, қол жуатын раковиналардың жұмыс жағдайында болуы керек. Дәретханаларда жеке гигиенасын сақтау жағдайлары болуы керек,  сұйық сабындармен,  антисептиктермен,  дәретхана қағазымен жабдықталуы керек.

3.Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су қолжуғыштарға, араластырғыш орнатыла отырып, жүргізіледі. Сумен жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берiлмейдi.  Яғни, барлық санитариялық тораптардағы қол жуатын раковиналар араластырғыш арқылы ыстық суға, суық суға қосылуы керек. Ыстық суға су жылытқыштары орнатылуы керек. 

4. Барлық үй-жайлар таза ұсталады. Дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды. Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады. Яғни санитариялық тораптарда тұрақты тазалау, залалсыздандыру жүргізілу керек,  қажет  болған жағдайда күніне 2-3 реттен тазалануы керек. 

5.Дәретханаларда желдету жүргізуге жағдай болуы керек, яғни  механикалық түрде  ауа сорып – шығаратын желдету жүйесімен жабдықталуы тиіс, немесе ашылатын терезе болуы керек.    

6.Үй жайларды ылғалды жинауды ұйымның техникалық персоналы жүргізеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді санитариялық тораптарды жинауға тартуға жол берілмейді.

7.Жинау жүргізу үшін нормалау құжаттарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу, дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

8.Дезинфекциялау ерітінділерін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес ерітіндінің дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмысшы ерітінділері білім алушылар мен тәрбиешілердің қолы жетпейтін орындарда сақталады.

 9.Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбаланады және олар жекелеген үй-жайларға (санитариялық торап, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақ ішетін залдар, рекреациялар, оқу кабинеттері, жатын бөлмелер, өндірістік шеберханалар) бекітіледі және арнайы бөлінген орындарда сақталады.

10.Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының белгілік таңбасы болады.

11.Кәріз жүргізілмеген жерлерде жылы санитариялық тораптар құрылғысына (75 адамға 1) және су құйылатын қолжуғыштарды (30 адамға 1) орнатуға жол беріледі.

Жылы санитариялық тораптарда жер үстіндегі үй-жайлары мен су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады. Санитариялық тораптар жинау дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күн сайын жүргізіледі. Қазылған шұңқырларды уақтылы тазалайды.

Е.Сейсембинов,

«Ескелді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасы» РММ   басшысы

Г.Мұстафина,

«Ескелді аудандық санитариялық-

 эпидемиологиялық бақылау

 басқармасы»  РММ 

бас маманы