Қош келдің Наурыз

14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттілерін қосып үйіп қояды.

Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің ұйымдастыруымен 14-наурыз күні-Көрісу мейрамында «Қош келдің Наурыз»  мерекелік іс-шарасы өткізілді. Бөлім басшысының міндетін атқарушы Ауельбекова Гаухар Рысбековна балалармен ата-аналарға ізгі тілектерін арнап, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Ауданымыздың мәдениет үйінің әншілері келіп өз өнерлерін көрсетті, әлеуметтік қызметкерлер көріністерін қойды. Мерекелік концерттік бағдарлама соңында Бөлімше қызметкерлері балаларға арнап дастарқан жайып , қазақтың ұлттық тағамы –наурыз көже таратылды . Ата-аналар өз тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.

М.Т.Мырзакулова, Бөлім меңгерушісі