Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Текелі қаласының халқымен жүздесті. Басқосуда өткен жылдың қазан айындағы кездесуде текеліліктер көтерген проблемалық мәселелер бойынша атқарылған шараларға тоқталды. Ал бүгінгі жиында облыс әкіміне оннан астам тұрғын сауал қойды. Олардың басым бөлігі газ қостыру бағасына, жұмыспен қамтуға, тұрғын үй кезегіне қатысты болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өз сөзінде облыстағы өндіріс көлемінің 11 пайызы Текелі қаласының үлесінде екенін тілге тиек еткен Бейбіт Исабаев өнеркәсіп орындарының аяқ алысы, соның ішінде Текелі тау-кен өңдеу кешені, «Электромарганец»зауыты сияқты кәсіпорындардың биылғы жылғы жоспары туралы қысқаша айтып берді.
Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, 2022 жылы қала экономикасына 9,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Дегенмен инвестиция тарту жұмысын жандандыру қажет. Өткен жылы Текеліде 2 инвестжоба, яғни «Электромарганец» ЖШС мен этноауыл құрылысыіске асырылған. Осы жылы жалпы құны 831 млн. теңге болатын 5 жоба қолға алынып, 44 жұмыс орны ашылады. Олардың арасында туризм, сауда, спорт, құрылыс салаларының нысандары бар.
Өз сөзінде Текеліде туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік бар екенін атап өткен Бейбіт Исабаев Жетісу облысы бойынша туристік орындарды жайластыруға осы жылы жергілікті бюджеттен 52 млн. теңге қарастырылғанын, соның 6,5 млн. теңгесі Текелі қаласына бөлінгенін айтты.
— Текесуда шаңғы-биатлон кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент тапсырма берген болатын. Кешен орналасатын 44,7 гектар жер учаскесі айқындалды, оның ішінде 2,5 гектар Текелі қаласының жерлері арқылы инженерлік жүйелер өтеді. Жобалау-сметалық құжаттарына бюджетті нақтылау кезінде қаражат бөлінеді.Қалаға табиғи газ тарту, ауыз су мен басқа да инженерлік жүйелерді салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкіміне қолда бар туристік әлеуетті ескере отырып, жалпы өңірлік өнімінде туризмнің үлесін көтеруді тапсырамын. Туризм – қала экономикасының табысы ең жоғары салаларының бірі болуы тиіс, — деді Бейбіт Исабаев.
Осы кездесуде облыс әкімі өткен жылдың қазан айындағы кездесуде Текелі қаласының тұрғындары көтерген проблемалық мәселелер бойынша атқарылған шараларға да тоқталды.
«Бүгінгі күні 10 сұрақтың 5-і шешімін тапты, 5 мәселе бойынша жұмыстар жалғасуда. Соның ішінде Төле би көшесі, 34 мекен-жайындағы көппәтерлі үй қаладағы апатты үйлердің қатарында бар. Тұрғындарды көшіру үшін 8 пәтер сатып алуға конкурс жарияланды. Сондай ақ, өткен кездесуде айтылғантұрғын үй кезегі келген жалғызбасты анаға үй беру мәселесі шешіліп, екі бөлмелі пәтер табысталды. 2022 жылғы 15 мамырда болған төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жауынгер-интернационалист О.Евсеевке 8,5 млн. теңге өтемақы бюджет резервінен төленетін болды.
Облыс әкімінің айтуынша, қала оқушыларын тегін қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі де шешілген. Өткенжылы ол үшін бюджеттен 23,1 млн. теңге, осы жылға 67,6 млн. теңге бөлінді. 2022 жылғы желтоқсан айынан балалар тегін жол жүруде.
Өткен кездесуде сөз болған тағы бір сауал бойынша 2022 жылдың желтоқсан айында Файзулла Бүркітбай облыстық «Жетісу саятшылары» ұлттық спорт түрлерінің қоғамдық бірлестігін құрып, жұмысын бастаған.
Қалған бес мәселе бойыншажұмыстар жалғасып жатыр. Соның ішіндеТекелі қаласында қоқыс полигонын ашу, қалаішілік автобустар бағытын қайта қарау, көп қабатты үйдің шатырын жөндеу сияқты бірқатар мәселелер зерделеніп, жоспарға енгізілуде.
Облыс әкімінің баяндамасынан соң тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Сауалдардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді қаузады. Мәселен, көп балалы аналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлерде көп балалылар үшін 4 бөлмелі пәтерлер салынса және мүмкіндік болса, жеке жер үй берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Сол сияқты тұрғын үй кезегін ретке келтіруде әлі де жаңсақтықтар бар екенін айтты.
Бұл мәселелерге байланысты Бейбіт Исабаев қала әкіміне қайтыс болғандарды, үй алғандарды кезектен шығарып, үш ай ішінде тізімді ретке келтіруді қатаң тапсырды. Және көп балалылардың жоғарыдағы ұсынысын заң аясында қарастыру керектігін айтты.
Сол сияқты бірнеше азамат газ қостыру бағасының қымбаттығына шағымданды. Бұл жөнінде облыс әкімі аудан әкіміне және Энергетика және ТҮКШ басқармасына мердігер компаниялардың газ қосу бағасын негізсіз өсіруіне жол бермеуін қатаң қадағалауды ескертті.
Сонымен қатар ауыз су, көп қабатты үйлерге кіреберіс жолдарды жөндеу, жаңа салынған тұрғын үйлер бағытына автобус қатынасын жүргізу, қоқыс полигонын ашу туралы сұрақтар да қойылды. Аталған сауалдар кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Текелі қаласындағы өнеркәсіптік аймақтың ішкі жолдарын жөндеуді сұраған Кәсіпкерлік палатасының өкіліне берген жауабында облыс әкімі:
— Іргелі кәсіпорындар күнделікті өз жүк көліктері жүретін ішкі жолдарынең алдымен өздері ретке келтіруге мүдделі болуы керек. Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – мүгедек жандарды, көп балалы отбасыларды, әлеуметтік әлжуаз топтарды, жалпы халықты тұрғын үймен қамту, сапалы ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету,мектеп, аурухана салу, халыққа жағдай жасау. Яғни тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту – басым бағытымыз, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.