Алғыс айту — парызым!

Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.

Алғыс айту  күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады .

1 –Наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым!» атты мерекелік шара  мектеп қабырғасында мектептің педогог ұйымдастырушысы Ж. Қилыбаева және мәдениет қызметкерлерінің бірлесуімен өтті. Шараға ауылдың үлкендері және оқушылар қатысты. Алғыс айту күніне арналған шарада Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің м.а  Д.Сапарғалиев мерекеге қатысушыларды алғыс күніне ақ тілегін білдіріп, ауылға еңбегі сіңген үлкен  қариялар мен ақ жаулықты аналарды және ауылымызда түрлі салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерді мерекемен құттықтап  «Алғыс хатпен» марапаттады.

Шара соңында  мектептің «Жас Ұлан- Жас Қыран» ұйымы  алғыс күніне арналған өлең жолдарын тарту етті, мерекелік ән айтылды, үлкендер өз  баталарын беріп,алғыстарын  айтты.

Сондай-ақ Алғыс күніне орай мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түрлі сала мамандарына арналған «Мен- Алғыс айтам» атты ЧЕЛЛЕНДЖІ өз жалғасын тапты.

Салтанат Ускенбаева,

Жалғызағаш ауылдық клуб әдіскері