Құрметті Жұртбаева Ләззат Батырханқызы! Сізді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіз. Деніңізге саулық, көңіліңізге шаттық, от басыңызға құт береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.
Жұртбаева Ләззат Батырханқызы Салық саласындағы еңбек жолын 04.06.1979 жылы Талдықорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекторы болып бастаған. 1990 жылы Мемлекеттік салық инспекциясы құрылуына байланысты, Талдықорған ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы болып тағайындалып, кейіннен Ескелді ауданы бойынша Салық басқармасында, Мемлекеттік кірістер басқармасында әр түрлі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда: аға салық инспекторы, бас бұхгалтер, бас маман және бөлім басшысы болып, 2019 жылы зейнеттік жасқа жеткенге дейін, бір ұжымда 40 жылдан астам адал қызмет атқарып, бүгінгі таңда осы ұжымда, Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып сол қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруда.
Ләззат Батырханқызы Басқарманың персоналмен жұмысын, бұхгалтерлік есебін, бұқаралық ақпараттық түсіндіру жұмыстарының есебін және құқықтық-ұйымдастыру жұмысын уақытылы және сапалы жүргізуде.
Салық саласында атқарған 44 жылғы немесе жарты ғасырға жуық қызметінде өзін білімді, білікті, қызметтік міндеттерін орындауға жоғары жауапкершілікпен қарайтын іскер маман ретінде көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мәселелерді шешу барысында бастамшылық таныта біліп, ұжымда әріптестерінің арасында еңбекқорлығымен жастарға үлгі болып, мемлекеттік қызметін абыроймен атқарып, бүгінгі күнге дейін адал еңбек етуде.
Көптеген жас мамандарға тәлімгер болып, үлгі-өнеге көрсетіп, кәсіби мамандықтың қыр-сырларын үйреткен шәкірттері жоғарыдан көрініп, адал еңбек етуде.
Ләззат Батырханқызы жақсы маман ғана емес, ұл мен қызын тәрбиелеп өсіріп, немерелер сүйіп отырған ардақты ана. Ұлы Журтбаев Амирхан Қайржанович анасының жолын қуып, Салық саласында 5 жылдан астам, бүгінгі таңда Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Өндірістік емес төлемдер және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру» бөлімінің басшысы болып абыроймен қызмет етуде.
Осы қызмет атқарған жылдары Ләззат Батырханқызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық жүйесінінің дамуына елеулі үлес қосқаны, мінсіз, қажырлы еңбектері үшін бірнеше мәрте марапатталды:
Салық қызметінің құрылған күніне байланысты, 2001 және 2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Құрмет грамоталары, 2014 жылы Ескелді ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
«Нұр Отан» партиясының саясатын, бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы облтық филиалының саяси Кеңесінің Алғыс хаты, 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының Алғысы хаты.
Ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ұжымның қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны үшін 2016 және 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ізгі тілек білдіруші Ескелді ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы