Халықаралық әйелдер күні

Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.

Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.

Бүгін аудан әкімі Елдос Ахметов еңбек биржа саласында қызмет көрсетіп жүрген аналарымызды көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады. 7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Аудан әкімі Елдос Ахметов Ескелді ауданының ардақты аналар мен аяулы аруларды мерекемен құттықтады. 8 Наурыз мереке қарсаңында аудан әкімі Елдос Ахметов ауданның дамуына үлестерін қосқан белсенді әйелдер қауымын мерекемен құттықтады және естелік сыйлықтар табыс етіліп аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламасы көрсетілді. Түрлі салада белсендігімен, ауданның қоғамдық өміріне үлестерін қосқан қыз-келіншектер алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, залда отырған нәзік жандарға гүл шоқтары үлестіріліп, мерекелік жиын ән шашумен жалғасты.

Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да Әйел-аналар қауымы!

ЖШ АҚПАРАТ