Облыс әкімі келді

Бүгін Жетісу облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұмыс сапарымен Ескелді ауданына келді. Аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.

Содан кейін Аудан жұртшылығымен  аудандық мәдениет үйінде кездесу өткізді. Халық үніне құлақ салып, айтылған мәселелерге нақты жауабын берді. Кездесуге Шымыр, Ақын Сара, Қайнарлы, Жалғызағаш ауылдарынан келген азаматтар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, оң шешімін тапты.

Облыс басшысының осыдан төрт ай бұрынғы келген іс-сапарында негізге алынған халық тапсырмаларының шешімі шешіліп, іске асырылғандығы айтылды.

ЖШ ақпарат