Медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы ТЖД қызметкерлерімен кездесті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінде кездесу өткізді. ТЖД қызметкерлеріне МӘМС туралы Заңы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы азаматтарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы № 320 бұйрығы түсіндірілді

МӘМС туралы Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес 15 жеңілдік санатындағы азаматтардан бөлек, жарна төлеуден босатылған санат бар екені барына белгілі. Оларға әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жатады. Бұл МӘМС туралы Заңның 28-бабының 7-тармағымен бекітілген.

МӘМС жүйесіндегі жоғарыда аталған барлық органдардың қызметкерлері «сақтандырылған» мәртебесіне ие. Оларға ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтердің толық көлемі қолжетімді.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 320 бұйрығына сәйкес әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмыссыз отбасы мүшелері МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін ала алатынын атап өту маңызды.

«Бізге сақтандыру мәртебесі жоқ әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер және учаскелік инспекторлар сұрақтармен жүгінетін жағдайлар жиі  кездеседі. Олардың деректерін арнайы ақпараттық жүйеге енгізу үшін олар жұмыс орны бойынша кадр қызметіне жүгінуі қажет. Сондай — ақ олардың жұмыс жасамайтын жұбайлары, ата-аналары, 18 жастан асқан балалары «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін «Сақтандыру» ақпараттық жүйесіндегі деректерді кадр қызметі өзектендіре алады», — дейді Қор филиалының директоры Гүлзия Таипова.

Кездесу қорытындысы бойынша ТЖД қызметкерлеріне өз қызметкерлерінің және олардың жақын туыстарының деректерін ведомстволық бағынысты ақпараттық жүйелерге енгізу бойынша жұмысты бақылауға алу ұсынылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы