УЛЫ ГАЗДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Қазіргі уақытта ең басты мәселелердің бірі тұрғын үйлерде ақаулы пештерден өрттер шығып, иісті газбен уланған азаматтар ауруханаларға түсуде. Яғни жыл басынан ауданымызда 6 адам уланды.

Түтін жолы дұрыс болмағанда, пештердің ақаулықтарынан, адамдардың иісті газбен улануы аян. Иісті газбен уланған кезде адам есінен айырылып, қаза табуға әкеліп соғады. Әдетте адам иісті газбен қашан дем ала бастағанын білмейді. Дегенмен біраз уақыттан кейін басы ауырады, көруі нашарлап, басы айналады, жүрегі айныйды.Адам жүре алмай қалса өлуі мүмкін. Сондықтан өрт кезіндк ең алдымен үйдегі мүлікті емес, адам өмірін қорғау жайлы ойлау керек. Дереу далаға шығуды ойластырған жөн. Егер далаға шығу мүмкін болмаған жағдайда ауамен дем алуға мүмкіндік бар бөлмеге ауысыңыз. Және ол бөлмеге түтін мен газдың кірмеуі үшін қолдан келгеннің бәрін істеген жөн. Зардап шеккен адамды жатқан күйі дереу таза ауаға шығару керек. Адамның тынысын тарылтатын киімдерден босатып, ыңғайлы етіп жатқызу керек. Егер зардап шегуші есін білмей жатса оны аударып етбетінен жатқызған жөн. Бұл кезде оның тыныс алу жолдары ашылады және тілі тамағына кетпейді. Жедел-жәрдем шақыруды ұмытпаңыз. Уланудың жеңіл жағдайларында зардап шегушіге кофе, шай беріп, нашатыр спиртін иіскету  керек. Жүрегі айныған жағдайда дәрігерге жүгініңіз.

Өрт шығудың басты себептері тұрғындардың өз кінәсінен, яғни мас күйінде темекі шегу, тұрғын үйдегі пештерді дер кезінде тазаламудан, отпен абай болмау, өрт қауіпсіздігін сақтамау, жас балаларды қараусыз қалдыру. Құрметті аудан тұрғындары өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Қ. Әшімов.

Аудандық ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты