
Тұрғын үй пәтерлері мен бөлмелерінде әдетте өрт жиі шығады. Тұрғын үйлердегі тұрмыстық электр жылытқыштары мен әртүрлі электр приборларының дұрыс қолданылмауынан, сондай-ақ электр қауіпсіздігінің қатаң сақталмауынан, балалардың сіріңке ойнауынан, тағы басқа осындай себептердің салдарынана өрттің шығуына жол берілетіндігі анық. Сондықтан да өрт қауіпсіздігін бұлжытпай сақтап, қауіпті өрттің алдын алу әрбір азаматтың қастерлі борышы саналады.
Өрт көбінесе, электр желілерінің зақымдануынан шығады. Кейбір изоляцияланған желілер ажыратылып кетеді немесе, бірімен-бірі жиі соқтығысып қажалады. Бұл да өрттің ұшқын шығаруына басты себептерінің бірі. Сол себепті де әрбір азамат үйлеріндегі электр желелері мен ток тартушы щиттің дұрыс жұмыс істеуін ұдайы қадағалап, ақау тапқандай болған жағдайда жедел тиісті орындарға хабарлауға міндетті. Мұның өзі өртті болдырмаудың алғы шарты болып табылады. Кей жағдайларда қатты қызған электр лампыларының да өрт шығаруына себепші бола алатындығы жиі байқалып жүр.
Қ. Әшімов.
Аудандық ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты