«СОТ КАБИНЕТІ» — ТИІМДІ ҚОСЫМША

Елімізде сот төрелігін жүзеге асыруды жеделтетін, сот қызметін ашық және қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар сот жүйесінде біраздан бері қолданыста. Солардың бірі «Сот кабинеті» — электрондық ақпарттық сервисі. Бұл осы салаға 2014 жылдың маусым айынан бастап енгізілген жаңашыл үрдіс.

2015 жылдың шілде айына ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» сервисінің мобильді нұсқасын енгізді. іOS, Android және Windows Phone мобильді платформаларында «Сот кабинеті» мобильді қосымшасы бар. Бұл сервис ҚР Сот жүйесінің жаңалықтарын көруге мүмкіндік береді; тыңдау тізімдері: пәндік құжаттар; хабарламалар (ұсынылған құжаттардың күйлері; сынаққа қатысушылардың күнтізбесі. Бұл қызмет қолданбалы пайдаланушыларға мәтіндік хабарламалар алмасуға мүмкіндік береді.

«Сот кабинеті» халыққа сот жүйесінің қолжетімді, әрі ашық болуы үшін жасалған. Бұл сот органдарының онлайн сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезесі. Қазіргі таңда заманауи технологияларды қолданудың арқасында істерді қарау ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастаған, яғни азамат оның өкілі немесе заңгер өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы талабын, оған қоса тіркелетін құжаттарын, басқа да сот істері бойынша өтініштерін жолдап, баж алымдарын төлей алады, сонымен қатар, істегі мәртебесін қарап, сот актісін шығара алады. Аталмыш қызметтің басты басымдылығы – сот жүйесінің беделін арттыру, халықтың соттарға деген сенімін нығайту. 

Назерке ДУБЕКОВА

Ескелді аудандық сотының  жетекші маманы