ЕҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгінде «Nur Otan» партиясы тарапынан берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, партияның идеологиялық күн тәртібінің белсенділігі нығаюда. Екіншіден, жұмыс тәсілі мен форматы жаңғыртылуда. Бұл бағытта заманауи саяси технологияларды енгізу арқылы партия жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін шаралар қолданылды. Яғни, партия қызметі әлемде кеңінен қолданылатын жобалық басқару жүйесіне көшуде.
«Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оған қоса пар-тиялық жұмысты нығайту мен жұмысты жандандыру мақсатында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқау жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Дәстүр бойынша жақында Ескелді ауданының партия филиалында да байқау өткізілді.
Ережеге сәйкес аудандық партия филиалында арнайы комиссия құрылып, барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына байқау ережесі мен талаптары толықтай түсіндірілді. Байқауға қатысуға ынта білдірген 100 бен 500 аралығындағы партия мүшесі бар БПҰ-нан 2-санат бойынша 12 ұсыным, 500 ден 5000-ға дейін партия мүшесі бар БПҰ-нан 3-санат бойынша 1 ұсыным қабылданды.
Комиссия мүшелері байқауға қатысуға ұсыным берген 12 БПҰ-дарының орналасқан жерлерінің безендірілуі мен ішкі партиялық жұмыстарымен танысып, байқаудың іріктеу талаптарына сәйкес өткізген құжаттарына сараптама жүргізілді. Аудандық іріктеу отырысына Алдабергенов, Көкжазық, Бақтыбай, Қайнарлы, Қаратал, Елтай, Жалғызағаш, Жетісу, Сырымбет, Қоңыр, Ақын Сара, Жәрдем, Қарабұлақ БПҰ-ы лайық деп танылды.
Қатысқан партия ұйымдары «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы, «Халыққа көмек» пен «Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарған жұмыстары туралы есебін өткізді.
Ал жеңімпаздарды анықтау мақсатында байқауды өткізудің тәртібі мен шарттарына сәйкес арнайы құрылған аудандық комиссия мүшелері бағалау әдістемесіне сәйкес 7 бағыт бойынша жүргізілді. Олар партиялық жобаларды іске асыруы, ішкі партиялық жұмыстары, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалануы, азаматтық бастамаларды іске асыруы, бастауыш партия ұйымы қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, жастармен жұмысы, бастауыш партия ұйымы жетекшісін бағалау болатын.
Қорытындылай келе, І орын Сырымбет, ІІ орын, ІІІ орын Қаратал бастауыш партия ұйымдарына бұйырды. Жүлделі орын алған бастауыш партия ұйымдары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Бұл аудандық іріктеу болатын. Жеңімпаздар облыстық байқауда бақтарын сынамақ.
Ажар ЕРЖАНҚЫЗЫ.