КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Осы аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ескелді ауданы мәслихатының кезекті LV сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Рауан Рақымбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме, кәсіпорын, ұжым басшылары, мектеп директорлары және ауылдық округ тұрғындарының өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы Ескелді ауданының 2019 жылдың сегіз ай ішінде аудан бойынша атқарылған жұмыстары жайлы баяндама жасап, алдағы уақытта іске асатын ірі жобалар мен жүйелі жұмыстар жайлы айтып өтті.
Соның ішінде 256 басқа арналған ферманың іске қосылуы, одан әрі 600 басқа дейін кеңейтіліп, май зауытының салынуы жоспарлануда екенін айтты. Одан бөлек Бақтыбай ауылдық округінде «Дүйсенбинов» шаруа қожалығы 400 басқа арналған сүт тауарлы ферманы және мал бордақылау мәселелеріне тоқталды. Үшінші, «ENKOM» сервис серіктестігі аудан аумағында құны 200 млн. теңгені құрайтын асфальт зауытын салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні жер учаскесіне рұқсат беру құжаттарын ресімдеу бойынша жұмыстар аяқталды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс жүргізуге рұқсат алу құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Төртінші, «Сәлем Құс» серіктестігінің бөдене жұмыртқасын өндіретін құс фермасының жұмыстарына тоқталды.
Төлеңгіт ауылдық округінде жеке кәсіпкер И.Виршки аквапарк, спорттық-туристік базасы бар кафе, жазғы алаң, автотұрақ, контейнерлік түрдегі кафе мен дүкендер салу жобасын асыруға іске қажетті жер учаскесі бөлінді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жобаға жетпеген инфрақұрылым бөлінді.
Жарыссөзге Алдабергенов сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қалабек Тастанбаев мінберге шығып, әлеуметтік нысандардың оның ішінде тұрғын үйдің құрылыстарын, Алдабергенов және басқа ауылдардың мектептерінің құрылыстары, одан бөлек ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстар, бөлінген бюджеттік қаржыны игеріп өңдеуге үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін тілге тиек етті. Ал-дағы уақытта да жұмыс нәтижелі болсын деп Рауан Тұрданғазыұлына бүгінгі беріп жатқан есеп пен баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берді.
Келесі кезекте Балпық би сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Роза Ибраева ҚР денсаулық сақтау саласы дамуының 2016-2019 жж. арналған денсаулық мемлекеттік бағдарламасының бекітіліп, аталған бағдарлама және Ескелді ауданы әкімдігінің денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдында медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қойылған міндеттерді орындау кезінде аудандық денсаулық сақтау саласы біршама іс-шаралар атқарылып жатқандығын хабарлады.
Жиынды аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы қорытындылады. Қант зауыты сайлау округінен сайланған депутат Серік Жолдыбаев келесі сессияның төрағасы болып бекітілді.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.