ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
_
Ауылдық жерде бұқаралық спортты дамыту қажет. Бұқаралық спорттың қолжетімділігі – дені сау ұлт қалыптастырудың басты шарты.
Осы мақсатта Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының Мелькомбинат елді мекенінде жаңа спорт алаңының тұсаукесері өтті.
_
Ескелді аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қалабек Тастанбаев шараны салтанатты түрде ашып, ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді. Бұл Мелькомбинат елді мекенінің тұрғындары көптен күткен қуаныш. Себебі, осы елді мекенде​ спорт алаңы алғаш рет ашылып тұр.
Енді жазғы уақытта балалар жасанды жабынмен жабдықталған жаңа кешенде уақыттарын тиімді өткізе алады.