Т. Дүйсенова Қазақстанда сақтандыру жүйесінің одан әрі дамыту туралы хабардар етті

Т. Дүйсенова Қазақстандағы еңбек қатынастарының дамуы туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстанда еңбек қатынастары қалай дамитыны туралы айтты.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова Министрліктің әлеуметтік-еңбек саласындағы қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының 5 стратегиялық бағыты туралы баяндады.

««Төртінші стратегиялық бағыт дәстүрлі жұмыс форматынан жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамытуға көшуді көздейтін еңбек қатынастарын дамытуға қатысты болады»,», – деп хабарлады ЕХӘҚМ басшысы.

Осы бағытты іске асыру үшін тұжырымдамалық сипаттағы мынадай қадамдар қабылданатын болады.

Біріншісі – жұмыспен қамтудың икемді нысандарын заңнамалық түрде бекіту. Заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді, ол ҚР Парламентінің қарауына жіберілді. Биыл Цифрландыру министрлігімен, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және интернет-платформа операторларымен бірлесіп, платформалық жұмыспен қамтуды тану және онда жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі пилоттық жоба іске асырылады.

Екінші қадам – жұмыс күшінің дағдыларын арттыру. Еңбекмині әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жұмыс орнында кадрларды оқыту мәселелерін қайта қарайтын болады. Жұмыс берушілер жүргізетін оқыту сапасын бағалау мақсатында пилоттық режимде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп айқындалған кәсіптер бойынша тәуелсіз сертификаттау жүйесі іске қосылады. «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасында мемлекет, жұмыс берушілер және қызметкерлер арасындағы жұмыс күшінің дағдыларын арттыру үшін жауапкершілікті бөлу көзделген.

Үшінші қадам — жұмыс күшін үнемдеу және жұмыс істейтін халықтың еңбек жағдайының сапасын жақсарту үшін еңбек саласындағы ең төменгі стандарттарды қайта қарау. Осыған байланысты осы жылдың қаңтар айының соңына қарай Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін айқындаудың негізгі тәсілдері ұсынылмақ. Бұдан басқа, 2 жыл ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 1 618 ең төменгі стандарт қайта қаралады. Өндірісте қайта қаралған ең төменгі стандарттарды апробациялау олардың дайындығына қарай кезең-кезеңмен жүргізіледі. Нәтижесінде зиянды өндірістердің сыныптары мен сақтандыру тарифтері қайта қаралатын болады.

«Төртінші қадамды іске асыру шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің қарауына азаматтардың зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуінің барынша көп кезеңін белгілеу және сақтандыру компанияларының жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға қатысуы жөнінде ұсыныстар әзірленіп, шығарылады

Мысалы, Австралия, Италия және Германия мемлекеттерінде көмір шахталарында жұмыс істеудің максималды кезеңі 15 жыл, металлургия өндірісінде 20 жыл. Әлемнің 24 елінің сақтандыру компаниялары жұмыс берушілердің кәсіптік тәуекелдерді бағалауға, қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі стандарттарды әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтейді. Осы тәсілдерді бізде де енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», – деді Тамара Дүйсенова.

Бесінші қадам – бизнеске жаңа реттеуші саясат шеңберінде еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүйесін қайта қарау. Бұл ретте тексеру рәсімі профилактикалық сипатта болады. Осы мақсатта биыл «Кәсіпорын профайлы» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылады, ол заңнаманың және компаниялардың өздері сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Порядка 1 млн человек будет трудоустроено в 2023 году в Казахстане – Т. Дуйсенова

Министр труда и социальной защиты населения РК Тамара Дуйсенова на заседании расширенной коллегии МТСЗН по итогам деятельности в 2022 году и задачах на 2023 год проинформировала о мерах по обеспечению занятости населения.

В мероприятии приняли участие Премьер-министр РК Алихан Смаилов, Заместитель Премьер-министра РК Алтай Кульгинов, а также депутаты Парламента РК, представители центральных государственных органов, заместители акимов областей и городов республиканского значения, Федерации профсоюзов, НПП «Атамекен», международных организаций и НПО.

В своем выступлении Тамара Дуйсенова отметила, что План развития министерства на 2023-2027 годы предусматривает 5 стратегических направлений, которые нацелены на повышение эффективности принимаемых государством мер в социально-трудовой сфере.

«Третье стратегическое направление – содействие занятости граждан.

Текущая геополитическая ситуация, значительный приток молодежи, ожидаемое высвобождение и низкая генерация новых рабочих мест являются основными вызовами национального рынка труда и факторами, влияющими на реальные доходы населения. Поэтому главной целью данного направления работы министерства определено обеспечение не менее одного члена семьи формальной работой и его участие в системе социального обеспечения.

Конечным результатом станет трудоустройство в течение года порядка 1 млн человек, включая молодежь, незанятых граждан и лиц с инвалидностью», – сказала глава МТСЗН.

Министр сообщила, что на основе данных из Цифровой карты семьи будет сформирован основной целевой контингент, включающий: семьи, имеющие 2-х и более незанятых трудоспособных членов; неработающую молодежь; лиц с инвалидностью, имеющих возможность работать по состоянию здоровья. Им будут направлены SMS-сообщения с предложениями государственных мер содействия занятости. Из числа граждан, давших согласие на участие в мерах, для регионов будет сформирован реестр лиц, подлежащих трудоустройству.

Местными исполнительными органами до 15 января будут утверждены региональные карты занятости, ориентированные на работу с данным контингентом лиц.

«В целом по республике в этом году планируется создать порядка 75 тыс. рабочих мест в рамках отраслевых концепций и национальных проектов, более 150 тыс. субсидируемых государством рабочих мест с объемом финансирования 131 млрд тенге. 780 тыс. человек планируется трудоустроить в рамках частных инициатив и на вакантные рабочие места работодателей. Порядка 20% от общего количества создаваемых рабочих мест будет направлено на трудоустройство молодежи и лиц с инвалидностью.

Кроме того, 6 тыс. молодых граждан будут предоставлены льготные кредиты под 2,5% до 5 млн тенге на 5 лет. 9 тыс. грантов в размере 1,2 млн тенге будет предоставлено молодым людям с особыми потребностями и гражданам из социально-уязвимых слоев населения.

Для лиц предпенсионного возраста будет продолжена реализация проекта «Серебряный возраст». Ежегодный охват будет составлять не менее 15 тыс. человек», – проинформировала Тамара Дуйсенова.

Глава МТСЗН также отметила, что в прошлом году на Электронной бирже труда (далее – ЭБТ) совместно с рядом крупных компаний был реализован пилотный проект приема на работу, который дал хороший эффект. Эта работа будет продолжена и в текущем году, до 15 февраля планируется заключить соответствующие меморандумы с 20 крупными отечественными компаниями.

«Предлагаем и регионам на местах подхватить эту инициативу и тем самым расширить перечень предприятий и вакансий, представленных на ЭБТ. Работодателям это облегчит поиск специалистов, для соискателей – расширит доступ к вакансиям, а также послужит толчком к региональному перетоку кадров», – сказала Тамара Дуйсенова.

Она добавила, что только за 3 месяца прошлого года более 11 тыс. человек через ЭБТ самостоятельно трудоустроились в других регионах.

При этом МТСЗН для стимулирования внутренней мобильности населения были изменены подходы по переселению граждан из трудоизбыточных в трудодефицитные регионы.

«Главным условием становится наличие рабочих мест и возможности обеспечения жильем. В настоящее время акимами принимающих регионов завершается подготовка дорожных карт, где будет указана потребность в кадрах с востребованными профессиями в разрезе предприятий и социальный пакет для прибывающих из трудоизбыточных регионов и кандасов.

Также хотела обратить ваше внимание на алгоритм приема этнических казахов, который был апробирован в Мангистауской области. Согласно ему этнические казахи, имеющие на руках приглашения на работу, подтвержденные работодателем, получат визу в регион по месту нахождения предприятия, члены семей, этнических казахов, ранее прибывших в страну, будут направляться в регион, где они проживают, остальные категории по согласованию с местными исполнительными органами будут направлены в регионы расселения», – проинформировала министр.

Тамара Дуйсенова также рассказала о предстоящей трансформации центров занятости населения. Будет сформирована новая структура: на уровне регионов функцию бэк-офиса будут выполнять центры трудовой мобильности, на уровне районов и городов фронт-офисами станут действующие центры занятости, преобразованные в карьерные центры. Также будут установлены тарифы за оказываемые центрами услуги, оплата труда сотрудников будет напрямую зависеть от количества трудоустроенных граждан.

Пилотная апробация трансформации начнется в текущем году в 3 регионах страны: в г. Астана, в Карагандинской и Туркестанской областях.

Т. Дүйсенова Еңбекминінің 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында баяндады.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова Министрліктің 2022 жылғы жұмысының негізгі нәтижелерін қорытындылай келе, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері толық орындалғанын хабарлады.

«Еңбек министрлігі 2022 жылы 4 млн астам азаматқа 4,4 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындап, оны уақтылы төледі. Осылайша, еліміздің әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді», – деді Т.Дүйсенова.

Бұдан басқа, 10 ұлттық жобаны, Мемлекет басшысының 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да жобаларын іске асыру шеңберінде азаматтарды жұмыспен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылды.

«Біріншіден, бүл 981 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, олардың 80%-ы жұмысқа орналасқанын міндетті зейнетақы жарналары аударымдарымен растады. Екіншіден, экономикада 427,4 мың жаңа жұмыс орнын құру, олардың 70%-дан астамын жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрайды, олардың тіркелуі мен жұмыс істеуін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті растайды», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ Отбасының цифрлық картасын пилоттық іске асыру қорытындылары туралы хабарлады.

«Цифрландыру министрлігімен және өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Отбасының цифрлық картасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы кезеңде азаматтардың әлеуметтік төлемдердің қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы 58 мың SMS-хабарлама жіберілді. Нәтижесінде ақпараттандырылған отбасылардың 22,8%-ы проактивті форматта қызмет алды, ал 36,8%-ы тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінді», – деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.

Тамара Дүйсенова қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тәуекел тобына енгізілген 256 кәсіпорынға мониторинг жасалды. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп қабылданған шаралар 148 кәсіпорындағы жағдайды шешуге, 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша қарыздарды өтеуге және 2 млн астам жалдамалы жұмыскерлердің жалақысын 5-тен 50% — ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы, Үкімет мақұлдаған еңбек жанжалдарының алдын алудың бірыңғай алгоритмін іске асыру екінші жартыжылдықта олардың санын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді», – деп атап өтті министр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ведомство Көші-қон саясатының жаңа Тұжырымдамасы қабылданды және оны Үкімет бекітті, «Кәсіптік біліктілік туралы» заң әзірленді және қазір ол ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында, Бұдан басқа Әлеуметтік кодекстің жобасы дайындалып, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Т. Дуйсенова проинформировала о предстоящем усилении мер соцподдержки населения

Министр труда и социальной защиты населения РК Тамара Дуйсенова на заседании расширенной коллегии МТСЗН по итогам деятельности в 2022 году и задачах на 2023 год рассказала, каким образом в Казахстане будет усилена социальная поддержка граждан.

В мероприятии приняли участие Премьер-министр РК Алихан Смаилов, Заместитель Премьер-министра РК Алтай Кульгинов, а также депутаты Парламента РК, представители центральных государственных органов, заместители акимов областей и городов республиканского значения, Федерации профсоюзов, НПП «Атамекен», международных организаций и НПО.

В своем выступлении Тамара Дуйсенова отметила, что План развития министерства на 2023-2027 годы предусматривает 5 стратегических направлений, которые нацелены на повышение эффективности принимаемых государством мер в социально-трудовой сфере.

«Второе стратегическое направление – усиление адресной социальной поддержки. Она будет включать адресные меры упреждающего характера и адресную помощь для устранения последствий наступивших социальных рисков. Целевой контингент лиц, нуждающихся в соцподдержке, будет определяться на основе Цифровой карты семьи», – проинформировала глава МТСЗН.

Министр добавила, что особое внимание уделяется социальной поддержке семей с детьми. Так, с 1 января т.г. увеличен период выплат по уходу за ребенком, с 2024 предусмотрено отчисление на специальные накопительные счета детей до достижения ими 18-летнего возраста 50% ежегодного инвестиционного дохода Национального фонда. Также планируется дифференциация размеров пособий многодетных матерей, награжденных подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа».

В целях усиления соцподдержки малообеспеченных семей с 2025 года черта бедности для оказания адресной социальной помощи будет определяться исходя из медианного дохода.

Для семей, в составе которых имеются лица с инвалидностью, будут приняты меры по обеспечению доступности специальных социальных услуг (далее – ССУ). В этих целях планируется трансформация системы социального обслуживания, предусматривающая следующие шаги.

Первый – будут проведены проверки всех 116 медико-социальных учреждений на предмет соблюдения стандартов оказания спецсоцуслуг. По их итогам совместно с акимами регионов будут приняты меры функционального и организационного характера.

Второй шаг – поддержка и развитие домов малой вместимости, особенно на селе. На сегодняшний день функционирует 20 таких домов, на их базе будут апробированы подушевые нормативы оказания ССУ. По итогам пилота будет подготовлена новая система тарификации.

Третий – будет начата поэтапная монетизация отдельных видов средств или товаров. Для обеспечения равного доступа к дорогостоящим и современным техническим компенсаторным средствам на уровне областных центров будут создаваться парки технических средств. Проект будет реализован при поддержке фонда «Қазақстан халқына».

Четвертый шаг – строительство 12 реабилитационных центров для ускоренной интеграции лиц с инвалидностью в общество. В текущем году будут введены в эксплуатацию реабилитационные центры в городах Семей и Кентау, которые с 1 июля примут первых получателей услуг.

Пятый шаг – с 1 февраля текущего года будет реализован новый формат Портала социальных услуг. На Портале будет представлена более полная информация о параметрах товаров и услуг, установлены новые и более жесткие требования к поставщикам и качеству их товаров. Кроме того, лицам с инвалидностью будет предоставлена возможность направления через Портал жалоб на действия поставщиков.

«Также принимаются меры по актуализации нормативно-правовой базы. В ноябре прошлого года внесены изменения в Национальный план повышения качества жизни лиц с инвалидностью, а часть изменений, требующих законодательного закрепления, включены в проект Социального кодекса. В Мажилисе Парламента РК начата работа по ратификации Факультативного протокола к Конвенции о правах инвалидов», – резюмировала Тамара Дуйсенова.

Т. Дүйсенова Қазақстанда сақтандыру жүйесінің одан әрі дамыту туралы хабардар етті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылғын жұмыс нәтижелері мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстанда сақтандыру жүйесі қандай қағидаттар бойынша дамитынын айтты.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова Министрліктің әлеуметтік-еңбек саласындағы қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының 5 стратегиялық бағыты туралы баяндады.

«Бесінші стратегиялық бағыт – нәтижелі және формалды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған сақтандыру жүйесін дамыту. Бұл ретте ұсынылып отырған өзгерістердің басты тренді: біріншіден, мемлекет жүйесіне жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатысуы; екіншіден, қатысу өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту. Бұл дегеніміз, тәуекелдер туындаған жағдайда жоғалған кірісті өтеу көбінесе азаматтардың жинақталған зейнетақы мен сақтандыру активтері есебінен жүргізілетінін білдіреді», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Министр бүгінгі таңда мемлекеттік төлемдердің үлесі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде де, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де басым екенін атап өтті. Халықтың басым көпшілігі әлі күнге дейін олардың әлеуметтік қамсыздандырылуына тек мемлекет жауапты болуы керек деп санайды.

«Зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің міндеттілігі жеке меншік сақтандыру компанияларында төмен деңгейде. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ғана емес, жалдамалы жұмыскерлердің белгілі бір бөлігі де қамтылмаған күйінде қалып отыр.

Егер кірістердің жоғарғы шектерін ескермесек, онда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар аударылатын кірістердің деңгейлері де әр түрлі болады. Зейнетақы жарналарының орташа табысы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан 20%-ға төмен. 

Ірі жұмыс берушілер мен зиянды өндірістердің қызметкерлері жоғары сақтандыру тарифтеріне, өмірді сақтандыру компанияларынан төленетін төлемдердің төмен мөлшеріне және сақтандыру компаниялары қызметінің ашықтығына назар аударады. Шара қолданбау болашақта жүйенің сенімі мен қаржылық тұрақтылығы мәселелеріне әкелуі мүмкін», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр БЖЗҚ, МӘСҚ, МАК және сақтандыру компанияларымен бірлесіп ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы іске асырылатынын және жүйеге қатысушылардың өсуі бойынша әрбір институт үшін KPI анықталатынын хабарлады.

Сондай-ақ жүйеге қатысу өтіліне байланысты зейнетақы және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы қабылданған зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табыстарының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. 2023 жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21% — ға дейін көтерілді. Кезең-кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізіледі, бұл өткен жылғы инфляцияны және оның кейінгі жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді.

Дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жүргізілмек. Биыл жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жоғалтқан табыстың 45%-на дейін жеткізілетін болады», – деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.

Сөз соңында Тамара Дүйсенова 2024 жылдан бастап жас салымшыларды зейнетақымен қамсыздандырудың шартты-жинақтаушы жүйесін қалыптастыру үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін хабарлады.

Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке басқаруға беру құқығы қарастырылады.

ҚР ЕХӘҚМ