ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ

ЖАҚЫНДА ішкі саясат бөлімі және «Берекет Жетісу» қорының ұйымдастыруымен «Дін және мемлекеттік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға ауданның бас имамы М.Ордыбай, аудандық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Ешенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Оразалинов, Қара-бұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Е.Ұлдаханов және Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аймақтық инспекторы А.Исаев және «Жасыл ел» ұйымының жастары қатысты.
Шара барысында ауданымыздың бас имамы Мұхамет Ордыбайға сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап ретінде өтті. Басты сұрақтардың бірі экстремизм мен тероризмнің таралуы туралы болды. Әлем бойынша толғандырып жүрген көкейкесті мәселе дін болып тұрғаны айдан анық.
Бас имамның дөңгелек үстел басында дінді дұрыс жағынан түсіндіріп, жас буынға жақсы жағынан жеткізу болды. «Жасыл ел» ұйымының қатысушылары дөңгелек үстел барысында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Олардың көбісі хиджабқа байланысты, болмаса бүркеніп киім киіп алатындарға қатысты сұрақтар болды.
Қоғамдағы адамдардың сырт келбетіне қарап қабылдауының қателігі және сол адамның ішкі жан дүниесіне ешкімді қызықтырмайтыны дұрыс еместігін имам түсіндірді.
Ажар ЕРЖАНҚЫЗЫ.