Сыбайлас жемқорлық — заман ағымымен бірге өсіп-өркендеп, тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Осыған орай Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Кудьяров Канат Жамантаевич атаулы әлеуметтік көмек бойынша жауапты ауылдық округ мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын жүргізіп, дөңгелек үстел өткізді.
К.Ж.Кудьяров,
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры