БАСТЫ МІНДЕТ — ӨЗ ІСІНЕ ЖАУАПТЫ БОЛУ

Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбековтің төрағалығымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Нұрғисаевтың арнайы қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен залында жиын өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кеңес отырысында Серікбай Өрікбайұлы облыс бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу барысында атқарылып жатқан шаралар, мемлекеттік қызметкердің негізгі функционалдық қызметтері және жалпы мемлекеттік қыз-меттің сапалы болуы жолында қажетті талаптар жөнінде баяндама жасады.
Ағымдағы жылдың 10 маусымында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен екі ведомствоға бөлінген болатын. Яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып өзгерді. Өзгерістер жөнінде Серікбай Өрікбайұлы ашып айтып, бұл бөліністердің пайдалы жақтарын тізбектеді.
Сонымен қатар, облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы мемлекеттік қызметшінің басты құндылықтары – парасаттылық әрі ашықтық екенін атап көрсетіп, тиімділік, нәтижелілік, жауапкершілік, бастамашылдықтың маңыздылығы ту-ралы жан-жақты түсіндірді. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің ісіне жауапты әрі адал болу керектігін алға тартты. Оған қоса облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелігіне Виктор Хильниченко өткендігін хабарлап, аудан тұрғындарын қуантты.
З.ЖҰМАБЕКОВА.